23 маусым күні Достық үйінде мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазақстандықтардың игілігі үшін және мемлекетіміздің өркендеуі үшін жұмыста барлығына табыс тіледі.
Өңір басшысы бір топ мемлекеттік қызметшілерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етті. Марапатталғандардың арасында «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісіне ие болған облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов та бар.
Сондай-ақ, бұл күні Облыстың дін істері басқармасында мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Онда басқарма басшысы Д. К. Зәкәриянов құттықтау сөз сөйлеп, көп жылғы еңбегі мен өңірдің дамуына қосқан зор үлесі үшін және мемлекеттік қызметші күніне орай облыс басшылығы атынан діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бас маманы Ермек Ашықбаевқа облыс әкімінің Құрмет грамотасын және мониторинг және ақпараттық жұмыс бөлімінің бас маманы Самал Асылхановаға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Елдің мемлекеттік қызметінің тиімді дамуы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, ұмтылысына және құлшынысына байланысты. Олардың иығында тұрғындардың әл-ауқаты мен олардың болашағын арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға жауапкершілік жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерге мықты денсаулық, бейбітшілік, келісім және отбасына амандық, өз халқына қызмет етудің игі ісінде табыс тілейміз!