Жалпы әлемдік үрдіске сүйене отырып, Қазақстан мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша саясатты жоспарлы түрде жүргізіп келеді.
Бүгінгі таңда «Элетрондық үкімет» порталы табысты жұмыс істеуде, соның арқасында мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігі пайда болды. Енді мемлекеттік қызметтерді смартфондар, планшеттер және дәстүрлі ұялы телефон арқылы да алуға болады.
Бұдан басқа, «электрондық үкімет» адами факторды болдырмайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдардың бірі болып табылады.
Электрондық қызметтерді алу үшін ең алдымен электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болу қажет. ЭЦҚ-ны «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ ХҚКО-да өз бетінше алуға болады.
Осылайша, электрондық-цифрлық қолтаңбаны алып, сіз үйден шықпай-ақ барлық қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерге тапсырыс бере аласыз.
Дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетуде:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»;
3) «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;
4) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
5) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
Олардың барлығы «электрондық үкімет» порталында қолжетімді.