Мемлекеттік қызмет: «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»
Орындау мерзімі: 22 жұмыс күні
ТЕГІН
Мекенжайы:
Павлодар қ., .Ә.Бөкейханұлы көшесі, 202/5
Жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма
сағат 09.00-18.30
Байланыс телефоны: 8 (7182) 618219
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) өтініш;
2) тіркелген діни бірлестіктің басшысы қол қойған ғибадат үйін (ғимаратын) салу туралы еркін нысандағы анықтама-негіздеме (ғибадат үйінің (ғимаратының) атауы және ол тиесілі болатын діни бірлестік, құрылыстың мақсаттары, аталған әкімшілік-аумақтық бірлік (ауыл, елдімекен, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны (ғимаратында) қызмет ететін діни қызметкерлерге үміткерлер көрсетілген);
3) ғибадат үйін (ғимаратын) салу жоспарланып отырған аумақта жергілікті қоғамдастық жиналысының (жиынының) ғибадат үйін (ғимаратын) салуға (жақын маңда ғибадат үйі (ғимараты) аумағымен шектесетін (сонымен қатар, шекара аралығында сервитут, автомобиль жолы өтетін болса) тұрғын үйлер болған жағдайда ұсынылады) келісетіні туралы шешімінің көшірмесі ұсынылады