«Павлодар облысының дін істері басқармасы» ММ қызметінде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
Н.Н. Апсаликов – жұмыс тобының басшысы
С.Қ. Күлжібаев – жұмыс тобының мүшесі,
Е.О. Әміркенов - жұмыс тобының мүшесі,
Г.Қ. Тастенова – жұмыс тобының хатшысы.
э/мекенжай: kense.udr@pavlodar.gov.kz, 62-55-15, 62-77-99
Басталуы: 2021 ж. 19.04, аяқталуы: 2021 ж. 22.04.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
№ 12 бұйрығына, 2021 жылғы 13 сәуірдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңестің хаттамасын орындау мақсатында «Павлодар облысының дін істері басқармасы» ММ-нің жұмыс тобы келесі бағыттар бойынша басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:
1) басқарманың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын мекеменің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттама, персоналды басқару қызметі, мемлекеттік қызметтер, мемлекеттік сатып алуды іске асыру қызметі зерделенді.
Павлодар облысының дін істері басқармасы бақылау функцияларын атқармайды, штат құрамында негізгі функциясы басқарманың заң және кадрлық қамтамасыз ету болып табылатын лауазымдар жоқ. Басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 490-бабына, басқарма туралы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды ресімдейді. Барлық әкімшілік істер Павлодар облысының Полиция департаменті арқылы табысталады. Әкімшілік материалды ресімдеу барысында анықталған барлық материалдар Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданады. Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңдарын, мемлекеттік орган туралы Ережені башылыққа алады.
Өткізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаның өзінің қалауы бойынша шешімдері қабылдауға ықпал етіп, жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру барысында кедергі келтіретін негіздер анықталған жоқ.
Мемлекеттік органның құрылымы екі бөлімнен және басқарма басшысына тікелей бағынатын бір маманнан құралады. 2021 жылғы І тоқсан ішінде жұмыстан шыққан мемлекеттік қызметшілер жоқ, басқармада таза ауысымдылық 0%-ды құрайды.
Жеке құрамды тексеру қорытындысы жақын туыстары, жұбайы, жекжаттарының бірге қызмет атқару (жұмыс істеу) фактілері орын алмағандығын көрсетті.
Кадрлар қызметінде қызметшілердің жеке істері тексерілді. Барлық жеке істерде ҚР заңнамасымен белгіленген шектеулерді өзіне қабылдау және Әдеп кодексімен танысу парақтары бар.
Басқармада мемлекеттік қызметтердің уақытында және сапалы көрсетілуіне тұрақты бақылау жүргізіледі.
Басқарма бес мемлекеттік қызмет көрсетеді:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»;
- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру», бақылау-қадағалау функцияларынсыз;
- «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
- «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
2021 жылдың наурыз айында «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциялар облыс сәулет және қала құрылысы басқармасынан облыс дін істері басқармасына берілген болатын. Алайда, облыс дін істері басқармасына салынып жатқан объектілердің орналасқан жерін анықтау және ғимараттарды қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) мәселелері бойынша шешім қабылдауға уәкілеттік берілмегендіктен, бұл мәселелерді облыс сәулет және қала құрылысы басқармасымен елдімекендердің бас жоспарына сәйкес міндетті түрде келісуді талап етеді. Өз кезегінде, бұл құжат айналымы көлемінің және ведомстволар мен келісу үшін жауапты тұлғалар санының ұлғаюына әкеліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу тәуекелдерін арттырады.
Осыған байланысты, «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функцияларды облыс сәулет және қала құрылысы басқармасына қайтару орынды болып көрінеді.
2021 жылдың І тоқсаны ішінде басқарма кеңсесі арқылы
2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бұрышы басқарма фойесінде орналастырылған.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау қорытындысы бойынша есепті кезең ішінде азаматтардың өтініштерін уақытылысыз және сапасыз қарау фактісі бойынша басқарма қызметшілеріне қатысты шағымдар түскен жоқ және олар тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
2021 жылдың ағымдағы кезеңі ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сыни мақалалар айқындалған жоқ.
Басқармада мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату және бір көзден сатып алу тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. 2021 жылдың І тоқсаны ішінде 17 (он жеті) мемелекеттік сатып алу жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде заңнама нормаларын бұзу фактілері анықталған жоқ.
Тұжырымдар. Басқарма қызметін тексеру қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол беретін фактілер анықталды. Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларын жақсарту мақсатында тәуекелдерді талдауды тұрақты түрде жүргізуге ұсынылды.
Жұмыс тобының төрағасы Н.Н. Апсаликов
Жұмыс тобының мүшелері С.Қ. Күлжібаев
Е.О. Әміркенов
Комиссия хатшысы Г.Қ. Тастенова