Мемлекеттік қызметшінің жинақы дұрыс бейнесі адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетінен ғана емес, сонымен қатар сыртқы келбетінен, сөйлеуінен, жалпы мінез-құлқынан да қалыптасады.
Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады.
Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн.
Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады
Тиімді қарым-қатынас.Тиімді қарым-қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін-өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылып, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз.
Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты құрылған сөйлемдерден болуы тиіс.
Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы мүмкін. Белсенді тыңдау.Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу – адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер тез алады.
Тиімді тыңдап білудің тәсілдері:
Тыңдаушының көзіне тіке арап отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып тыңдағаныңызды білдіресіз.
Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды «иә,иә», «түсінемін» деген сөздер немесе басыңызды изеп қоштау арқылы сездірте аласыз.
Сөйлеушіге шынымен де тыңдап қана емес, түсініп отырғаныңызды да білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз.
Сіздің отырысыңыз, қимыл – қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі тиіс.
Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені Сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ой «адасуына» жол бермеңіз.
Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден қойыңыз. Адамдардың өз ойы мен сезмдерін әлеуметтік нормалармен қабылдағандай, «құпиялап» беруі мүмкін екенін есте ұстаңыз.
Байқағыштық – жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде өзін қалай ұстағанын бақылаңыз.
Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды.
Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. Сіздің ол қолдауыңыз сөйлеушінің ойын дәл жеткізуіне ықпал етеді. Сіздің тарапыңыздан болған кез келген жағымсыз реакция сөйлеушінің қорғаншақтауына, өзіне сенімсіздігіне соқтырады.
Сізге айтылған нәрселердің мақсаты – Сізден кері байланыс талап ететінін есте сақтаңыз. Мұндайда қажетті әрекет – әңгімелесушіге жауап беру.
Телефон – сіздің көмекшіңіз. Телефонмен әңгіме – мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. Телефонмен сөйлесе білу де – биік мәдениеттіліктің белгісі. Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн жалғыз мүмкіндігіңіз – дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , қуаныш, қайғыңызды білдіреді.