Меню

Страницы

Статья

Дін істері басқармасында 2021 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс шеңберінде облыстық дін істері басқармасының басшысы 2021 жылғы 02 сәуірде «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы» №10 бұйрыққа қол қойды.

Басқармада және оған ведомстволық бағынысты ұйымда – «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-де 2021 жылдың 8 айында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылыққа тартылған басшылар мен мамандар жоқ.

Ағымдағы жылдың басынан бастап сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Облыстың дін істері басқармасы келесі жұмыстарды жүргізді:

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің қызметін, персоналды басқару қызметін, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша қызметті реттейтін басқарманың нормативтік-құқықтық құжаттамасы зерделенді. Талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама ұсынылды.

Ағымдағы жылдың 8 айында басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басқарма мамандары үшін «Мемлекеттік қызмет туралы», «Мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормаларын сақтау туралы», «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» тақырыптарында 5 семинар өткізілді.

Жұмысқа қабылдау және Мемлекеттік қызмет атқару кезінде міндетті түрде басқарма қызметкерлері мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелерге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулер бойынша міндеттемелерге, ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) сақтау бойынша міндеттемелерге қол қояды.

Сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау мақсатында Басқармада халық үшін 8 (7182) 61-82-19 «сенім телефоны» жұмыс істейді.

Дата публикации
24 августа 2021
Дата обновления
24 августа 2021
Тип

Сейчас читают

18 февраля 2026
Азаматтарды қабылдау кестесі
18 марта 2025
Мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы жария талқылаулар
17 марта 2025
Ереже

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы