1.2-тармақ бойынша. Мемлекеттік қызметтердің уақытында және сапалы көрсетілуіне тұрақты бақылау жүргізіледі.
Басқарма бес мемлекеттік қызметті көрсетеді:
- «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»;
- «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;
- «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
- «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
2021 жылдың І тоқсаны ішінде 2 (екі) мемлекеттік қызмет көрсетілді. Басқарманың мемлекеттік қызметшілері тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ.
Сондай-ақ, облыс дін істері басқармасы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасына мониторинг жасау жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жұмыс істейтіндігін атап өткен жөн. Мониторингтік топ діни бірлестік өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар қатарынан үш адамнан құралған: топ басшысы - В.Г. Деймунд, «Павлодар облысының Чернобыль Одағы» ҚҚ төрағасы; топ мүшелері – Павлодар қ. Жетінші күннің адвентистері шіркеуінің пасторы Д.В. Минин және Павлодар қ. «Ғазиз» мешітінің бас имамы А.Қ. Өтепов.
1.3-тармақ бойынша. Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданады. Сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы көрнекі үгіт материалдары, баннерлер өзектендіріліп, мекеме орналасқан ғимараттың фойесінде орналастырылып отырады.
Басқарма фойесінде азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған жәшік орныластырылған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы жадынамалар мен call-centr-дің 1424 нөмірі көрсетілген стенд ілулі тұр.
1.4-тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу мақсатында ведомствоға қарасты «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ қызметіне, сондай-ақ облыстық бюджеттен «Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау» 005 бағдарламасы бойынша бөлінетін қаржы қаражатының жұмсалуына тұрақты негізде бақылау жүргізіледі.