Облыс дін істері басқармасы мемлекеттік қызметтерді «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес көрсетеді.
Басқарма 2022 жылы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты және облыс әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы жылғы №166/2 қаулысымен бекітілген басқарманың жаңа ережесіне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
1) «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;
2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы шешім беру»;
3) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;
4) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
Құжаттарды қабылдау және беру «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе басқарма кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Басқарма 2023 жылдың 1 тоқсанында барлығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетті, олардың барлығы www.elicense.kz веб-порталында көрсетілді, Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінде ғибадат ғимаратын (ғимаратын) салуға, олардың орналасқан жерін айқындауға 2 шешім (қаулы) берілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсетуді ішкі бақылау нәтижелері бойынша а.ж. 1 тоқсанында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.