А.ж. 17 наурызда облыс дін істері басқармасы басшысының міндетін атқарушы С.Қ. Күлжібаевтың төрағалығымен діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында діни бірлестіктер басшыларына конфессиялық қатынастарды жетілдіру, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуда және азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыруда діннің ерекше рөл атқаратындығы түсіндірілді.
Клуб отырысына облыстағы қызмет ететін діни конфессиялардың басшылары мен өкілдері қатысып дін саласындағы көкейкесті мәселелі сұрақтар егжей-тегжейлі талқыланды. Айта кетейік, облыста 13 конфессияға кіретін 163 діни бірлестік жұмыс істейді.