Жоба
Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы» № 46/2 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 46/2 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 7210) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымшада келесі мазмұндағы реттік саны 24-1 жолмен толықтырылсын:
«
|
24-1
|
Павлодар қаласы
|
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 4, «Полушка» дүкені
|
».
- Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Маликоваға жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Байханов