Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы
«Павлодар облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
№ 166/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі А. Байханов
|
|
Қаулы жобасы |
«Павлодар облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
Егер «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
1) облыстық деңгейде дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету;
3) басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.
1) құқықтары:
облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына облыстық деңгейде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды өтеусіз негізде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан сұрату және алу;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімімен жұмысқа тарту;
барлық мекемелермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен дін мәселелері бойынша өзара әрекет ету;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері бойынша ұсынымдарды әзірлеу;
қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыру.
1) облыстағы діни ахуалды, өңірде жұмыс істеп тұрған діни бірлестіктер мен миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізу, уәкілетті органға белгіленген нысандағы ақпаратты, сондай-ақ статистикалық есептерді ұсыну;
2) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
3) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша, ауызша, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерін қарау;
5) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
6) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларын әзірлеу;
7) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналастырылуын бекіту;
8) ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарайды;
9) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдау;
10) діни бірлестіктер құратын бастамашы-азаматтардың тізіміне тексеру жүргізу;
11) Павлодар облысының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу;
12) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық қор жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
13) азаматтық сектор, діни бірлестік институттары арқылы қоғамда терроризмге қарсы сананың қалыптасуын ынталандыру, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету;
14) бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-кеңістік арқылы діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы, алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-насихаттау шараларын жүзеге асыру;
15) зорлық-зомбылық идеологиясын насихаттауды болдырмау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамаларының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау, кейіннен оларды сот органдарына беру;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де құзыреттерді жүзеге асыру.
1) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;
2) облыс әкімдігіне «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды бекіту үшін ұсынады, оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы шегінде өзгерістер жүргізеді;
7) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды не алып тастауды жүзеге асырады;
9) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар туралы ережелерді, олардың қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
10) облыс әкімінің, әкімдігінің актілерінің және оның тапсырмаларының орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
11) облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды облыс әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
12) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
13) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын басқарады;
14) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
15) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін қызметтік іссапарларға жібереді;
16) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
18) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
19) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін қарайды;
20) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
21) «Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауы үшін дербес жауап береді.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Павлодар облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі