Digital Nauryz 2026 жобасы аясында тұрғындар мен қонақтар үшін мерекелік іс-шаралардың бай бағдарламасы дайындалды.
Сіздерді концерттер, Мәдени іс-шаралар, ұлттық дәстүрлер мен заманауи цифрлық іс-шаралар күтеді.
Іс-шаралар кестесін білу және қатысу үшін қызықты оқиғаларды таңдау үшін QR кодын сканерлеңіз.
Наурызды бізбен бірге тойлаңыз!
2025 жылғы 18 шілдеде басқарманың бас маман – заңгері «Ақпараттандыруды дамыту орталығы» КММ басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымының қызметшілері арасында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді, Павлодар облысы прокуратурасының бюджет және еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ ақпараттандыру, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша ұсынысы талқыланды.
2025 жылғы 24 сәуірде Павлодар облысының Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің маманы А.Қ. Есімханова «Ақпараттандыруды дамыту орталығы» КММ, «SmartErtis» ЖШС басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметшілері арасында құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтаудың практикалық аспектілері, заңдылық пен ашықтық мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік қызметшілердің рөлі талқыланды.
2025 жылғы 07 сәуірде Павлодар облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д. Абильдинова басқарманың, сондай-ақ «Ақпараттандыруды дамыту орталығы» КММ және «SmartErtis» ЖШС ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметшілері арасында мемлекеттік қызметшінің әдеп және мінез-құлық нормаларын түсіндіру бойынша Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді, онда мемлекеттік қызметшінің жұмыс және жұмыс орнындағы мінез-құлқының негізгі қағидалары қаралған ситуациялық мысалдар негізінде жұмыстан тыс уақыт, лудоманиямен күрес, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өздеріне қабылдайтын өзге де адамдар және олардың отбасы мүшелері донордың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін алған сыйлықтарды өтеусіз беру бойынша, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кірсе немесе олар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал еткен болсанемесе аталған адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің хабарынсыз келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ сыйлықтар, Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жұмыстағы жетістіктері мен басқа да еңбегі үшін берілетін сыйлықтарды қоспағанда, оларға және олардың отбасы мүшелеріне хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде берілген (тапсырылған).
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға шақырды.
2023 жылдың 13 шілдесінде облыстың Цифрлық технологиялар басқармасының мамандары ТЖ департаментінде өткен "Жер-2023" Халықаралық командалы-штабтық оқу-жаттығуларына дайындалу аясында ұйымдастырылған, Департамент бастығының орынбасары полковник О.Трещевтің төрағалығымен өткізілген облыстық кеңеске қатысты.
Аталмыш жиынға облыстың барлық азаматтық қорғау қызметтері мен еріктілер ұйымдары қатысты. Күн тәртібінде Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облыстарында болуы мүмкін жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін Павлодар облысынан топ құрамына бөлінетін негізгі күштер мен құралдардың есептеулерін қалыптастыру мәселелері талқыға салынды.
Облыстың Цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Ботагөз Оспанова Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы тренингке қатысты. Оқыту қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткізілді. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәсілдері және кайдзен бағытындағы тақырыптар талқыға салынды. Тренинг соңында жас мемлекеттік қызметшілерге арнайы сертификаттар табысталды.
2. Жастарға қалай кәсіп бастауға болады?
Бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында елімізде әртүрлі санаттағы кәсіпкелерді қолдау бағдарламалары қарқынды жүруде. Оның ішінде жастарға арналған кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары қандай? Ол туралы Кәсіпкер, Қоғам белсендісі Олжас Сүлейменов айтып береді.
3. Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар?
Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың бірыңғай моделі әзірленуде, оның негізгі қағидаты — жастардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру. Елімізде жастарға баспаналы болудың қандай жолдары бар? Ол туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Төлеутайұлы айтып береді.
4. Жастарға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар, гранттар мен премиялар бар?
Елімізде жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар аясы өте кең. Оның ішінде жастардың жетістіктерін бағалауға арналған түрлі бағдарламалар, гранттар мен премияларлар бар. Олармен толығырақ танымал кәсіпкер Зарина Гусман таныстырады.
бейнелерге сілтеме:
2023 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның ХҚКО-лары мен мамандырылған ХҚКО-лары Астана күні мерекесіне байланысты жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚКО-лар мен МХҚО-лардың қызметкерлері 7 және 8 шілдеде азаматтарды сағат 13.00-ге дейін қабылдайды.
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті мен «Ghalam» ЖШС «KazEOSat-MR» орташа ажыратымдылықтағы Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінің топтамасын құру жөніндегі жұмыстарды орындау туралы шартқа қол қойды.
Салтанатты шараға ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР ЦДИАӨМ және ведомстволық кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Шартқа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Жеткергенұлы Оралмағамбетов және «Ghalam» ЖШС Қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры Қайыржан Ерсайынұлы Қожаев қол қойды.
«KazEOSat-MR» спутниктер тобын құру жөніндегі жобаны іске асыруды отандық мамандар Астана қаласындағы ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінде жүзеге асыратын болады.
Жобаны іске асыру «KazEOSat-2» орташа рұқсаттағы жерді қашықтықтан зондтауға бағытталған қолданыстағы жерсерікті алмастыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде жерді қашықтықтан зондтау арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ ҚР экономикасының түрлі секторларының шағын және орта бизнес субъектілерінің негізінде құрылған деректер негізінде ұсынылатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді дамытуға ықпал етеді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде Қазақстанның берілген аумағын күнделікті түсіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үш ғарыш аппаратынан тұратын жүйе құрылады.
«KazEOSat-MR» ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені үшін ғарыш аппараттары өндірісінің әлемдік нарығына шығуы үшін алғашқы тапсырыс болады.
Ажыратымдылығы орташа қашықтықтан зондтау деректері экономика салаларын цифрландыру үшін кеңінен қолданылады. Ғарыштық мониторинг Қазақстанға қысқа мерзімде ел аумағы (оның ішінде алыс орналасқан және қауіпті аймақтар) туралы жедел мониторингтік ақпаратты алуда еркіндік бере отырып, табиғи ресурстарды барлау мен өндірудің тиімділігін арттыру, ауыл шаруашылығына жаңа тәжірибелерді енгізу, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын барынша азайту, қоршаған ортаны қорғау үшін бірегей шешімдерді ұсыну, климаттың өзгеруін бақылау салаларында жедел ақпарат алмасуға септігін тигізеді.
Анықтама ретінде:
ЖҚЗ деректері пайдаланылатын экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі - ауыл шаруашылығы саласы. Егін жинау қарқынын бақылау және егіс алаңдарына мониторинг жүргізу, ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану мониторингі, жайылымдық өсімдіктердің жай-күйін, өнімділігін бағалау және т. б. кезінде орташа рұқсатты ғарыштық суреттер қолданылады.
Сондай-ақ, ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан алынған ғарыштық суреттер негізінде жасалған өнімдер мен қызметтерді пайдалану көптеген салалық міндеттерді шешуге және экономиканың түрлі бағыттарында, әсіресе мынадай салаларда мониторинг жүргізу үшін жоғары дәлдіктегі ақпарат алуға мүмкіндік береді:
- жерді ұтымды пайдалану мониторингі;
- егістіктерді, жайылымдық жерлерді мониторингілеу;
- орман, су ресурстарының мониторингі;
- өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының мониторингі;
- кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру орындарының мониторингі;
- төтенше жағдайлар мониторингі;
- елді мекендер ішіндегі аумақтарды заңсыз пайдалану мониторингі;
- құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу аймақтарын мониторингілеу;
- трансшекаралық өзендердің өзгеруіне мониторинг жүргізу.
2023 жылғы 27 маусымда Павлодар облысының Цифрлық технологиялар басқармасы мен Торайғыров университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжат цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нығайтуға бағытталған, сондай-ақ бірлескен ғылыми-техникалық және әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде ынтымақтастықтың бірқатар бағыттары айқындалды.