Енді Яндекс Карта навигациялық қолданбасы Қазақстандағы барлық пайдаланушыға қазақ тілінде қолжетімді.

Енді Яндекс Карта навигациялық қолданбасы Қазақстандағы барлық пайдаланушыға қазақ тілінде қолжетімді.

Цифрлық даму министрлігі Яндекс компаниясымен, атқарушы органдармен, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып аудару бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Топонимдар мен ұйым атаулары ғана емес, қолдабаның интерфейсі, сондай-ақ маршрутты ұстануға көмектесетін дауыстық кеңестер де аударылды.

Қолданбаның тілін iOS-та телефон баптауында, ал дауыстық кеңестің тілін – Карты қосымшасының баптауында: «Дауыстар мен ескертулер» – «Аннотация тілі» – «Қазақша» бөлімінде ауыстыруға болады

Android-та барлығы қолданбаның ішінде ауыстырылады. Интерфейс тілін ауыстыру үшін, «Баптаулар» – «Карта және интерфейс» – «Тіл» – «Қазақша» басу керек. Ал қазақша кеңестерді қосу үшін – «Баптаулар» – «Дауыстар және ескертпелер» – «Аннотация тілі» – «Қазақша» тәртібін таңдау қажет.