
Kaspi.kz Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және "ҰАТ" АҚ бірлесіп, жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосты.
Енді Kaspi.kz қосымшасындағы "цифрлық құжаттар" бөлімінде келесі анықтамаларды алуға болады:
* зейнетақы жинақтары туралы;
* зейнетақы және жәрдемақы төлемдері туралы;
* әлеуметтік аударымдар туралы.
Бұл тетік азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді.
"Біз мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, танымал мемлекеттік қызметтерді екінші деңгейдегі банктердің платформалары мен қосымшаларына шығару бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі таңда, 15-тен астам мемлекеттік қызмет банктік қосымшаларда қол жетімді, соның ішінде автокөлікті қайта тіркеу, ЖК тіркеу, бала күтімі және туу жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау және т.б. сондай-ақ банктер платформалары арқылы цифрлық құжаттарды пайдалануға болады. Мұның бәрі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырады және азаматтарға мемлекеттік қызметтерді осы жерден және қазір алуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Цифрлық даму министрі - Бағдат Мусин.