
Бүгін Павлодар облысы Цифрлық технологиялар басқармасының маманы Мұратбек Жүсіпов облыстық «Ertis» телеарнасына аймақтағы ұялы байланыс пен интернеттің жалпы жағдайы жайлы сұхбат берді.
Сұхбат барысында келесі сұрақтар талқыға салынды: шалғай ауыл елді мекендердегі интернет пен ұялы байланыс жағдайы, Баянауыл ауданының демалыс орындарындағы және жалпы облыстық, республикалық санаттағы жолдардағы ұялы байланыстың сапасы, аймақ тұрғындарының байланыс операторлары жұмысына шағымдары, кедергі келтіретін тұстары мен оның нашарлау себебі және осы мәселелерді шешу жолдары туралы сауалдар қойылды.