
Құрметті жерлестер!
Келіп жеткен Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын.
Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз дана халқымызда ежелден тойланып келеді. Көктемнің жарқын мейрамында күн мен түн теңеліп, табиғат жаңарады. Бұл күнді барша қауым зор қуанышпен қарсы алып, ата-бабаларымыздан сақталған асыл дәстүрлеріміз ерекше ұлықталады.
Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Әр отбасыға жақсылық, денсаулық, бақ-береке, амандық тілейміз!