
2022 жылғы 24-25 қараша аралығында "Қыс-2022" Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Цифрлық технологиялар басқармасынан деректерді басқару бөлімінің бас маманы – Мұратбек Жүсіпов қатысты. Негізгі мақсат – жергілікті азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексеру, басқарушы құрамның басқару органдарымен өзара іс-қимылын пысықтау, шешімдер қабылдау, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау, күштер мен құралдарды авариялық-құтқару жұмыстарына даярлыққа келтіру болды.
Павлодар облысы ТЖД жергілікті атқарушы органдары мен бөлімшелерінің қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі бірлескен іс-қимылдары пысықталды.
Облыс аумағында оқу-жаттығу басталар алдында халықты ықтимал төтенше жағдайлар туралы хабардар ету мақсатында қолданыстағы құлақтандыру жүйелері қолданысқа келтірілді.
Оқу-жаттығу барысында 6 хабарлама қабылданды, 13 ТҚҚ пысықталды, ТҚҚ-ның бірі Павлодар қаласының Жетекші ауылында өткізілді, онда 199 адам, 59 бірлік техникасы, оның ішінде өрт поезы мен 1 әуе кемесі жұмылдырылды.
"Қыс-2022" Республикалық командалы-штабтық оқу-жаттығуы облыстың жергілікті атқарушы органдарының, ҚР ТЖМ облыс бойынша аумақтық органдары мен бөлімшелерінің, жедел топтардың, азаматтық қорғауды қалыптастырудың, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайын екендігін көрсетті.