«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының аралық қорытындысы

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының аралық қорытындысы

«Нәтиже» мемлекеттік қызметтерді алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасының аралық қорытындысы

Ағымдағы жылғы 13 мамырдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы «Нәтиже» орталықтарының және Павлодар облысы жергілікті атқарушы органының жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Орталықтар қызметіне халық арасында сұраныс артып келеді. 16 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін үш облыс бойынша, атап айтқанда – Түркістан қаласында және Отырар ауданында, Павлодар, Қостанай және Рудный қалаларында фронт кеңсе қызметкерлері  6,5 мыңнан аса  кеңес беріп, 2,5 мың мемлекеттік қызмет көрсетіп үлгерді, eOtinish ресми өтініштер қабылдау жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға 1 мыңнан аса өтініш тіркелді. Азаматтардың фронт кеңселерге жүгінуіне басты себеп – жер қатынастары және ТҮКШ мәселелері.

Павлодар облысы бойынша 2 объект жұмылдырылды - Павлодар қаласы әкімдігінің «Open Akimat» фронт-офисі және «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Павлодар қаласының № 3 бөлімі қызмт етеді.

Пилоттық жобаға қатысатын қызметкерлердің саны 24 бірлікті құрайды, оның ішінде:

- «Open Akimat» бойынша мемлекеттік қызметтер бойынша ЖАО - 13, азаматтардың өтініштері бойынша ЖАО - 5, ХҚКО - 4;

- Халыққа қызмет көрсету бойынша Павлодар қаласының № 3 бөлімі бойынша ЖАО - 1 және ХҚКО - 1.

«Open-Pavlodar» фронт-кеңсесінің қызметкерлері күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін азаматтарды қабылдайды. ХҚКО қызметкерлері 15 бағыт бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

ХҚКО-да әкім мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына азаматтарды қабылдау жүргізіледі. Іс-қимылдарды үйлестіру және қабылдау материалдарын қалыптастыру үшін деректер облыс әкімдігінің азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөліміне беріледі.

Нәтиже фронт кеңсесі – кез келген кабинетке әрдайым есігі ашық!