
ИТ-компаниялар өкілдерімен кездесу.
Кеше Цифрлық технологиялар басқармасы Ақпараттық технологиялар колледжімен бірлесіп, ИТ саласындағы бизнес және білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Сұхбат алаңы ИТ саласын дамыту мақсатында ұйымдастырылды және кездесудің негізгі тақырыбы "Павлодар облысында ИТ саласын дамыту" болды.
Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Дархан Мырзабаев қатысушылар5а іске асырылған жобалармен таныстырып және 2022 жылы іске асырылатын жобалармен бөлісті.
Диалог алаңы барысында ИТ саласында кадрлардың жетіспеушілігі туралы өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ аймағымыздың жергілікті ИТ-компаниялары Астана-Hub-та резиденттігі туралы мәселелер пысықталды, бұдан басқа Павлодар облысында ИТ-кеңесін құруға қатысты мәселелер көтерілді.
Диалог алаңының соңында Цифрлық технологиялар басқармасы ИТ-компаниялармен бірлесіп, IT-Hub jylyjai-Teplitsa базасында өңір халқы үшін тұрақты ИТ іс-шараларын өткізуге келісті.