
Бағдат Мусин Павлодар облысының тұрғындарымен кездеседі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 24 маусымда сағат 9.30-да Павлодар қаласынының Космонавтар 2 көшесінде орналасқан Мамандандырылған ХҚКО-да азаматтарды қабылдайды, сонымен қатар сағат 11.00-де Ломова 64 көшесіндегі Торайғыров Университетінде Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Облыс азаматтары әр ауданда орнатылған бейнеконференц байланыс арқылы қатыса алады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар +7 705 162 02 46 (whatsApp) телефон және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.