Мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасының талаптары мен сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасының талаптары мен сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткен жұмада Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Шыңғыс Аманбекұлы Ағжанбаев мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің, сондай-ақ «2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының талаптары мен сақтау мәселелері» бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау, қызметтік этика нормаларын сақтау және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәселелер қозғалды.