
Құрметті достар!
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш даму министрлігінің, Павлодар облысы әкімдігінің және "Eurasian Resources Group" корпорациясының қолдауымен біздің өңірде алғаш рет Торайғыров университетінің базасында IT-мектеп ашылғанын қуана хабарлаймыз.
Мектептің негізгі қызметі 11 базалық бағыт бойынша азаматтарды оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған, оның ішінде web және андроидке арналған қосымшаларды әзірлеу мен басқасы.
Конкурстық іріктеуден өткен кез келген адам тегін оқи отырып, оқуға түсе алады. Курстардың ұзақтығы 2 айдан 12 айға дейін.
Қосымша ақпаратты https://itschool.tou.edu.kz/ сайтында алуға болады.
Біз сіздерді күтеміз!