Павлодар облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді дамыту бойынша отырыс өтті.

Павлодар облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және электрондық қызметтерді дамыту бойынша отырыс өтті.

2021 жылғы 26 қарашада сағат 11-00-де қалалар мен аудандар әкімдері аппараттары басшыларының, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларының басшыларының, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторингілеу бөлімі басшысының қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторингілеу бөлімінің басшысы                       Р.Н. Бисимбаев облыста жергілікті атқарушы органдар жыл басынан бері қызметтердің шамамен 95% - ын электрондық форматта көрсеткенін және тұрғындармен «Электрондық үкімет» порталын танымал ету бойынша тиімді жұмыстың нәтижесі екенін хабарлады.

Сондай-ақ, отырыста Ақтоғай және Аққулы аудандарында мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерін жүйелі түрде бұзу мәселелері талқыланды.

Членами рабочей группы были озвучены выявленные нарушения в ходе проведенного мониторинга деятельности государственных учреждений.

Жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік мекемелердің қызметіне жүргізілген мониторинг барысында анықталған бұзушылықтарды атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар енгізілді.