"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу"жаңа мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндірулерге қатысты кеңес өтті.

"Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу"жаңа мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндірулерге қатысты кеңес өтті.

2021 жылғы 15 қазан күні сағат 11-00-де цифрлық технологиялар басқармасы мемлекеттік қызметтерді дамыту және мониторинг бөлімінің басшысы Р. Н. Бисимбаевтың төрағалығымен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы А. К. Мусапированың қатысуымен және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ішкі бақылау қызметтерінің мамандарына бейне байланыс арқылы "қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу"жаңа мемлекеттік қызметін көрсету бойынша түсіндірулерге қатысты кеңес өтті.

Сондай-ақ, осы алаңда Май ауданы әкімі аппаратының бас маманы З.С. Байгурманованың жер қатынастары саласында ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша талдауы қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес қалалар мен аудандар әкімдіктеріне "қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу"мемлекеттік қызметін көрсету бойынша тапсырмалар берілді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті тарапынан жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар берілді.

Қалалар мен аудандар әкімдіктерінің қатысуымен өтетін кеңес апта сайын бейнеконференцбайланыс режимінде өткізіледі, онда мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қарастырылады және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ұсыныстар талқыланады.