Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 174 түрін көрсетеді.
2021 жылдың өткен кезеңінде облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 4 015 661 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз түрінде 796;
-қағаз түрінде, бірақ «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) 23493 мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін;
- көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде 3 876 826 (өткен жылдың ұқсас кезеңінде-99%).
Мемлекеттік корпорация арқылы 22310;
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 92236.