Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 26 маусымда сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін Павлодар қаласындағы «Ertis Promenade» орталық жағалауында «Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні» өтеді.
Азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т.б. салалар бойынша өздерін толғандырған сұрақтарға жауап ала алады.
Денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарға:
Омарова Анар Ғабдынасырқызы, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Абылхасан Айгүл Жеңісқызы, Павлодар қаласының № 5 емханасы бас дәрігерінің орынбасары жауап береді.
Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!
Денсаулық сақтау басқармасы өңіріміздің кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға жатпайтынын хабарлайды. Соған қарамастан, эпидемиологиялық маусым басталғалы бері басқа өңірлерден әкелінген аурудың екі жағдайы тіркелді.
Осыған байланысты табиғат аясында демалу кезінде сақтық шараларын сақтауды еске салып, кене шаққан жағдайда әрекет ету алгоритмімен танысуды ұсынамыз.
Медициналық көмекке дер кезінде жүгіну асқынудың даму қаупін төмендетуге көмектеседі.
2026 жылғы 20 сәуірде бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК басшысының бос лауазымына конкурс жарияланған болатын.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылды.
Конкурс 2026 жылғы 13 мамырда сағат 15:00-де Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК конференц-залында өтеді.
Мекенжайы: 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88.
Конкурс барысында Бақылау кеңесінің отырысында кандидаттардың құжаттары қаралып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және мекеменің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес әңгімелесу жүргізіледі.
Кандидаттарды тіркеу конкурс басталғанға дейін 30 минут бұрын жүргізіледі.
Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын өзімен бірге әкелуі қажет. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.
Ұйымдастыру мәселелері бойынша мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8-700-686-33-42.
«Тереңкөл ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК бақылау кеңесі
2026 жылғы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Павлодар облысына жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында халықпен кездесіп, онда денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жоспарланған.
Күні: 30 сәуір 2026 жыл
Өтетін орны: Достық үйі, Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1
Азаматтарды қабылдауға жазылу, сондай-ақ барлық сұрақтар бойынша: 109 – тегін/WhatsApp: 8 747 790 11 09, 8 705 447 52 52
Конкурс Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Тереңкөл аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК-да: 140600, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 88 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмекті толық көлемде көрсету, емханада және үйде көп бейінді консультациялық, диагностикалық және емдеу көмегін (амбулаториялық, стационарды алмастыратын) толық көлемде көрсету, бекітілген халықтың денсаулығын қорғау бағдарламаларын орындау болып табылады.
Конкурс ҚР ДСМ 27.05.2020 ж. № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы бақылау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Бас дәрігердің негізгі лауазымдық міндеттері:
1) денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдер, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуы үшін, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері үшін жауапты болады.
2) ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға жеке басымен жауапты болады.
5) ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
6) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
7) гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
8) ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
9) қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
10) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымның атынан өкілдік етеді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері; денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау; медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы; денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер; халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері; отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері; денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары; төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білімі
2) "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша тиісті мамандық немесе жоғары білім бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі
3) денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты,
4) денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
Конкурсқа қатысуға қабылданбайды:
1) жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін, лауазымдары мен жұмыстарына он сегіз жасқа толмаған азаматтар
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдар
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар тұлғалар
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама);
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері мен құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында немесе "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" ММ және "Тереңкөл аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Құжаттар электронды түрде zhaslan.seitov@inbox.ru электрондық поштасына ұсынылады, тел. 8-700-686-33-42. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Денсаулық сақтау саласында
мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі
2025 жылғы есеп
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес денсаулық сақтау саласында 19 мемлекеттік қызмет көзделген, оның ішінде 3 қызмет толық автоматтандырылған және eGov.kz. портал арқылы көрсетіледі.
Қалған 16 мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдары көрсетеді, оның ішінде 15 қызмет баламалы нысанда (электрондық және қағаз түрінде), 1 қызмет тек қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылы 9 403 701 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде:
- медициналық ақпараттық жүйелер арқылы 9 298 000 қызмет;
- eGov.kz портал арқылы 105 701 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтердің негізгі көлемі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына (11 мемлекеттік қызмет) тиесілі. Мемлекеттік қызметтер бөлінісінде:
«Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметі - 6 987 691 көрсетілген қызмет, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы 6 971 530, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы – 16 161 ең үлкен үлес салмағын алады.
Дәрігерді үйге шақыру – 16 5041, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы – 164 854. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы-187.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – 95300, «Электрондық үкіметтің» веб-порталы – 87 864, АЖ– 7436 арқылы.
Азаматтардыңжекелегенсанаттарынадәрілікзаттарды,мамандандырылғанемдікөнімдерді,медициналықмақсаттағыбұйымдарды беру-879825.
Алғашқымедициналық-санитарлықкөмек көрсететін медициналықұйымнананықтамаберу -190607.
Есепті кезеңде 27 578 адам алдын ала міндетті медициналық тексеруден өтті.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндердің (тіннің бір бөлігінің) және (немесе) органдардың (органдардың бір бөлігінің) өмір бойы ерікті түрде берілуіне келісімді немесе келісімді қайтарып алуды тіркеу - 863. Ауруханаға жатқызу бюросының порталы арқылы пациенттерге стационарға жатқызуға 110 029 жолдама берілді.
Көлікқұралынбасқаруғарұқсат беру туралы3786анықтамаберу.
Санаторий-курорттықемделугеқажеттіліктуралы6967қорытындыберілді.
Денсаулық сақтау жүйесінің бірнеше деңгейінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер (МСАК, стационарлар және диспансерлер): еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру 289 962, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ беру 212 169.
1мемлекеттікқызметтіоблысстационарлары көрсетеді:стационарлықнауқастыңмедициналықкартасынанүзінді(2025жылы152568үзіндіберілді).
1 Мемлекеттік қызмет жедел медициналық көмекпен және МСАК-пен көрсетіледі (жеделдігінің 4 санаты бойынша): жедел медициналық көмекті шақыру – 280 689.
Медициналық колледж денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетті - 626 қызметтер eGov.kz. портал арқылы көрсетілді.
Бақылау және ақпараттық - түсіндіру жұмысы шеңберінде 4 бақылау іс-шарасы өткізілді, оның қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарға 16 ұсыныс берілді, 1 тәртіптік жаза шығарылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен тұлғалар саны – 85.
Облыстың ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдары халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді: 203 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
|
№ р/с |
Лауазымы |
Т. А. Ә. |
Өткізілетін жері |
Өткізілетін күні |
Өткізілетін уақыты |
|
1 |
ШЖҚ "Павлодар қаласының № 5 емханасы" КМК басшысының м. а. |
Бекенова Жанара Кажыбаевна |
Павлодар қаласы, Камзин к. 5, мәжіліс залы |
23.02.2026 |
15:00 |
|
2 |
ШЖҚ "Павлодар қаласының № 3 емханасы" КМК № 2 ООК бөлімшесінің меңгерушісі |
Кобайдарова Айдын Алдабергеновна |
Павлодар қаласы, Камзин к. 5, мәжіліс залы |
23.02.2026 |
15:40 |
|
№ р/с |
Лауазымы |
Кандидаттың ТАӘ |
Өткізу орны |
Өткізу күні |
Өткізу уақыты |
|
1 |
«Ақсу қалалық ауруханасы» директорының м. а. |
Қабулов Қайырлы Сартайұлы
|
Ақсу қаласы, Қамзин көшесі 53, ШЖҚ «Ақсу қаласының қалалық ауруханасы» КМК мәжіліс залы |
11.02.2026 |
16:00 |
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің ШЖҚ "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" КМК бақылау кеңесі Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Камзин көшесі, 53-үй, тел: 871837-5-09-67, kkgp-acb@mail.ru
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі заңда белгіленген тәртіппен берілген лицензияларға және бекітілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес қала тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсету болып табылады.
Конкурс ҚР ДСМ 27.05.2020 жылғы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органы немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Басшының негізгі лауазымдық міндеттері:
1) Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
2) Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
5) ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйымның қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
6) санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
7) гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық қағидалар мен нормалардың және гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
8) медициналық әдеп талаптарының, ұйым қызметіндегі, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
9) қызметкерлерді қабылдауды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Шарттар жасасады, жеке және заңды тұлғалармен мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
10) мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалануды, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтауды қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есеп беруін қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы, қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері, Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, басқарудың экономикалық әдістері және ұйымның қызметін талдау, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы, денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер, Статистика, критерийлер мен көрсеткіштер, халық денсаулығының жай-күйін, отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, Төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды сипаттайтын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім.
"Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсынан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім"және (немесе)" бизнес және құқық " немесе EMVA executive немесе full time дәрежесі.
не "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе
"Бизнес және құқық" немесе EMVA немесе full-time дәрежесі (Fultime);
немесе "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм)дәрежесі;
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
Денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) "денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 907 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 04 қарашада № 21579 болып тіркелді.
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы
Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында немесе "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ және "Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК Интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде 2026 жылғы 05 ақпанды қоса алғанда жүргізіледі.
Құжаттар электрондық түрде электрондық поштаға ұсынылады kkgp-acb@mail.ru 2026 жылғы 05 ақпанды қоса алғанда.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурс Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы"Ақсу қаласының қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында: 140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Камзин көшесі, 53 үй, конференц залда, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде-10 ақпан 2026 жыл.