2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды қайта бекіту туралы Март

2024-2026 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларды

қайта бекіту туралы

БП АПРЕЛЬ на 2024-2026.xlsx

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 32-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы  30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) және олардың мазмұнына талаптарды әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) ережелері» №195 бекітілген бұйрығымен, Павлодар облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 наурыздағы №115/10 «Павлодар облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 91/7 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2024-2026 жылдарға арналған ұсынылған бюджеттік бағдарламалар қайта бекітілсін:

003 «Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау»                    (1-қосымша);    

     006 «Ана мен баланы қорғау бойынша қызмет көрсету» (2-қосымша);    

007 «Салауатты өмір салтын насихаттау» (3-қосымша);    

008 «Қазақстан Республикасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру» (4-қосымша);    

016 «Азаматтарды елді мекеннен тыс жерлерде емделу үшін тегін және жеңілдетілген жол жүрумен қамтамасыз ету» (5-қосымша);  

018 «Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық талдамалық қызметтер» (6-қосымша);  

027 «Халыққа иммундық профилактика жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммундық биологиялық препараттарды орталықтандырыла сатып алу және сақтау» (7-қосымша); 

023   «Медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау» (8-қосымша);

029  «Облыстық арнайы медициналық жабдықтау базалары»                              (9-қосымша);  

033 «Медициналық денсаулық сақтау ұйымдарының күрделі шығыстары» (10-қосымша);

039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» (11-қосымша);

041 «Облыстардың жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қосымша қамтамасыз ету» (12-қосымша);

042 «Медициналық ұйымның сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын жыныстық құмарлықты төмендетуге арналған іс-шараларды жүргізу»                (13-қосымша);

043 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау» (14-қосымша);

050 «Қаржы лизингі шарттарында сатып алынған санитариялық көлік және сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық» (15-қосымша);

057 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» (16-қосымша);

 058 «Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» (17-қосымша);

096 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау» (18-қосымша);

  1. «2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларды бекіту туралы» 2024 жылғы 28 мамырдағы № 73-Ө бұйрығының күші жойылсын.
  2. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының облыстың медициналық ұйымдары бойынша экономикалық талдау, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлім бекітілген бюджеттік бағдарламаларды күнтізбелік 3 күні ішінде меморган веб-порталында орналасуын.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Д.К. Садвақасоваға жүктелсін.

 

 

Басқарма басшысы                                                   А. Бұйрашев

 

 

 

«К Е Л І С І Л Д І»                                           Басқарма басшысының орынбасары м.а.             

                                                                          ____________     Д.Садвақасова

 

«Павлодар облысының экономика және                   Экономикалық талдау бюджеттік  бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ                  жоспарлау және бухгалтерлік есеп

басшысы            _________И.Назарчук                      бөлімінің басшысы

                                                                            ____________Д.Садвақасова

 

Дата публикации
29 октября 2024