Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 82/8 «Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы «Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» № 82/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
«Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау белгілеу арқылы медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі;
Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының
2024 жылғы «___» ______
№ ______
шешіміне қосымша
Павлодар облыстық мәслихатының
2021 жылғы 26 қарашадағы
№ 82/8
шешіміне қосымша
Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері
- Жалпы ережелер
- Осы Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы негізінде әзірленді және Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларын қабылдау, сондай-ақ қаржыландыру және төлемдер тәртібін айқындайды.
- Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган - «Павлодар облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
- Жұмыс беруші – медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.
- Медицина қызметкерi – жоғары кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (бұдан әрі - қызметкерлер).
- Фармацевтика қызметкерi – жоғары фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (бұдан әрі - қызметкерлер).
- Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, облыстық маңызы бар қалаларға кемінде жеті жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.
- Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
- Біржолғы әлеуметтік қолдау алуға үміткер қызметкерлер жұмыс берушімен және уәкілетті органмен «Павлодар облысының ауылдық жерге, кенттерге, облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» келісім жасасады, оған сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкер мемлекеттік медициналық ұйымдарда кемінде 7 (жеті) жыл жұмыс істеуі тиіс.
- Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық ұйымдарда еңбек шарттарын жасасқан қызметкерлердің ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім беруге құқығы бар.
- Жеті жылдық кезеңге қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста, бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі енгізілмейді.
- Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:
1) Павлодар облысының облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) Павлодар облысының ауылдық жерге және кенттерге жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.
- Біржолғы төлем түріндегі әлеуметтік қолдау Павлодар облысының аумағы шегінде басқа медициналық ұйымдарға ауысуына қарамастан бір рет жүргізіледі.
- Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;
3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
4) мемлекеттiк медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.
- Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.
Комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
- Комиссия қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 13-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
- Бiржолғы төлем қызметкерлердің өтiнiшiнiң негiзiнде, екiншi деңгейлi банкте ашылған есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.
- Уәкілетті орган қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, ауылдық жерде және кенттерде, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымдар арасында қызметкерге әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.
Мұндай жағдайда Павлодар облысы шегінде басқа ауылдық жерде, кентте және қалада орналасқан медициналық және фармацевтикалық ұйымға ауысқаны үшін әлеуметтік қолдау қайтадан көрсетілмейді.
- Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, қызметкер ерікті түрде бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтарады.
- Қызметкердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
- Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.