Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық кардиологиялық орталық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталық" КМК Байқау кеңесі, 140007, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 10/3 үй, анықтама телефоны 8 7182 65-37-78, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық кардиологиялық орталық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі-Кәсіпорын) директоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,140007, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 10/3 үй. телефоны 8 7182 65-37-47

Кәсіпорын қызметінің мәні: кәсіпорын қызметінің мәні заңда белгіленген тәртіппен берілген лицензияға және бекітілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Халқына жоғары білікті медициналық көмек көрсету болып табылады.

Қызметінің мақсаты: халыққа жоспарлы да, шұғыл да мамандандырылған және жоғары технологиялық кардиологиялық, кардиохирургиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық оңалту қызметтерін ұсыну, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

Лауазымдық міндеттері:

Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.

Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.

Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитарлық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.

Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасайды, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.

Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің, еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

 

Талаптар: "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім немесе "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе МВА executive немесе full time дәрежесі, денсаулық сақтау саласындағы менеджердің сертификаты, денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексін, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексін, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңын, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңын;

қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілері;

денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері;

басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;

медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;

денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;

халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистика, өлшемдер мен көрсеткіштер;

отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері, денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибесі;

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар;

төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жастан кіші;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар жатпайды;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу күні бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

4) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері не жұмыс өтілін растайтын басқа да құжат;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы  ас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған Кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтан ұсынымдар және т.б.) ұсына алады.

Байқау кеңесі ұсынылған құжаттардың басшы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды және құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы хатшымен хабардар етіледі. Хабарлама телефон арқылы, кандидаттардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі бекітілгеннен кейін Байқаушы кеңес кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесу келесі кезеңдерден тұрады:

1) кәсіпорынның даму презентациясы;

2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынның дамуын таныстыру кезінде кандидат кәсіпорынның негізгі проблемаларына талдау жасауды және оларды шешу жөнінде ұсынылатын шараларды ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының өзекті проблемалары және оларды шешу үшін қолданылатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 10/3 құрылыс, ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталық" КМК, персоналды басқару қызметі, №20 кабинет, электрондық мекенжайы: sup.kardio-centr@mail.ru бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде.

Конкурс бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң, Павлодар қаласы, Ткачев көшесі, 10/3 құрылыс, ШЖҚ "Павлодар облыстық кардиологиялық орталық" КМК 2 қабаттағы, конференц-залда өтеді.

 

 

 

         

Дата публикации
31 марта 2022