«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына ішкі конкурс туралы хабарландыру

  1. «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқарма» ММ

Барлық конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

D-О-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Орташа лауазымдық айлықақысы:

305232,0 – 350615,0

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқарма» ММ 140000, Павлодар қ., Астана көш. 59, 411 кабинет анықтама үшін телефоны: 8(7182) 32-01-20 электрондық мекенжайы: kense.dz@pavlodar.gov.kz,  32-50-33  «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға  ішкі  конкурс жариялайды:

 

  1. Облыстың медициналық ұйымдары бойынша экономикалық талдау, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Медициналық ұйымдардың қаржы-экономикалық қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді іске асыруды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау саласындағы саясатты орындауға қатысу. Денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және қаржылық мәселелер бөлігінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың мониторингін ұйымдастыру. Саланы қаржыландырудың перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу. Облыстың денсаулық сақтау бюджетін жоспарлауға және қалыптастыруға қатысу. Бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар қалыптастыру, облыстық бюджет бойынша облыс экономика басқармасына және ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне бюджеттік өтінімдер мен есептердің берілуін бақылау. Бөлінетін нысаналы трансферттер бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде бюджеттік өтінімдерді қорғау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бюджеттік өтінімді жасау және ақпаратты дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Парус-Каз.Бюджет. бағдарламасында облыстық және республикалық бюджеттер (бюджет жобасы, бекітілген жоспар, бюджетті нақтылау) бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, енгізу және жүктеу бойынша бақылауды жүзеге асыру. Облыстық бюджет және республикалық трансферттер бойынша бюджеттік бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер (төлемдер мен міндеттемелер бойынша жоспарлар) бөлінісінде қаржыландыру жоспарлары жиынтығы бойынша бөлім қызметін үйлестіруді жүзеге асыру және оларды қаржы басқармасына және Қазынашылық департаментіне ұсыну. Бюджетті нақтылауға материалдар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыру: бюджеттік бағдарламалар бойынша есептер, негіздемелер, анықтамалар. 3 жылдық кезеңге арналған облыс денсаулық сақтаудың азаматтық бюджетін құру бойынша бақылауды жүзеге асыру және облыс денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастыру, «Ашық бюджеттер» порталымен жұмыс және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) орналастыру. Ағымдағы нысаналы трансферттер мен облыстық бюджет бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті жасау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Облыс медициналық ұйымдарының жоспарлау және қаржылық қызмет мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен әдіснамалық нұсқауларды дұрыс қолдануына бақылауды жүзеге асыру. Облыс медициналық ұйымдарының қаржылық қызметін талдау және бағалауды жүзеге асыру. Медициналық ұйымдар бойынша аумақтарды дамыту жоспарларын келісу. Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын келісу.

Мемлекеттік кәсіпорындар мен ШЖҚ мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшыларына сараланған ақыны келісу бойынша хаттамалар дайындауға қатысу. ШЖҚ мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларына, орынбасарларына және бас бухгалтерлеріне лауазымдық жалақылардың мөлшерін, сондай-ақ хаттамадан үзінді көшірмелерді айқындауға қатысу. Өндірістік бұйрықтарды әзірлеу және дайындау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Облыстың медициналық кәсіпорындары көрсететін ақылы қызметтер бойынша өзіндік құн есебінің дұрыстығын тексеру бойынша бақылауды жүзеге асыру. Облыс медициналық ұйымдарының ақылы қызметтері бойынша ережелер мен прейскуранттардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру. Ақылы қызметтер бойынша мерзімді есептілікті, еңбек жөніндегі есепті жасаудың, ресімдеудің дұрыстығын тексеру және бақылау және оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне уақтылы ұсыну. Облыс қаржы басқармасына ұсыну үшін облыстың медициналық ұйымдары бойынша желілер, штаттар және контингенттер бойынша жылдық есепті жинау және жасау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-қа ұсына отырып, жалақы бойынша ай сайынғы мониторингті жүзеге асыру. Медициналық ұйымдардың бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат есебінен жабдықтарды сатып алуға келісуді жүзеге асыру. Облыстың медициналық ұйымдарында қосымша штат бірліктерін енгізуге келісуді жүзеге асыру. Облыс экономика басқармасына облыстың денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті жинау және жасау бойынша бақылауды жүзеге асыру. COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне есептелген үстемеақылар сомалары туралы ақпарат жинауды жүзеге асыруға және комиссия мүшелерімен келісу үшін хаттама дайындауға мониторинг жүргізу. Бюджет бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті жасау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Бюджет қаражаты есебінен емделуге елді мекеннен тыс жерлерге тегін және жеңілдікпен жол жүру бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау және өңдеу, МТ-102 қалыптастыру және жеке шоттарға аудару бойынша бақылауды жүзеге асыру. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдармен шарттық міндеттемелерді ресімдеу бойынша бақылауды жүзеге асыру. Басқарма балансындағы облыстың медициналық ұйымдары одан әрі пайдалануға жарамсыз негізгі құралдарды есептен шығаруға актілер мен құжаттарды жасау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау басқармасы аппаратының тауарлық - материалдық құндылықтары бойынша материалдық үстелді жүргізуді қамтамасыз етуді, тиісті жазбаларды есепке алуды және жасауды және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды IP-бюджетке енгізуді бақылау. Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының тапсырмаларына жауаптар дайындауды жүзеге асыру. Қызмет бағыттары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асыру. Денсаулық сақтау министрлігінің, қаржы басқармасының, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және облыстың басқа да басқармаларының медициналық ұйымдар бойынша тапсырмалары мен сұраныстарын орындауды жүзеге асыру. Мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша шаралар қабылдау. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе  Экономика және/немесе маркетинг және/немесе дүниежүзілік экономика және/немесе мемлекеттік және жергілік басқару); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелері); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (машина жасау).

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Әрбiр кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен белгіленеді.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, мемлекеттік лауазымға тағайындауға құқығы бар адам конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидатты жарияланған лауазымға қабылдайды.

Әңгімелесуге бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындала алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

Нысан

 

__________________________________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені __________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға

және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы: _____________________________________________________

Байланыс телефоны: ______________________________________________

e-mail: __________________________________________________________

ЖСН: ___________________________________________________________

_________ ___________________________

   (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Дата публикации
22 октября 2021