Дәрілік заттарды тендер өткізу әдісі арқылы сатып алуды хабарландыру

Тендерді ұйымдастырушы: 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі "Өкпе ісігі" ауруы бойынша дәрілік заттарды сатып алу бойынша тендерді өткізу туралы жариялайды.

Сатып алынатын толық тізбесі, дәрілік заттарды сатып алынатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әр бір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен шарттары – тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасына сәйкес.

Тендерлік құжаттама пакетін 2021 жылғы 21 қазан 10 сағат 30 минут дейінгі мерзімде қоса алғанда, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, № 401 кабинет мекенжайынан немесе depzdrav_pvl_gz@mail.ru мекенжайы бойынша электрондық пошта арқылы немесе depzdrav.gov.kz тапсырыс берушінің интернет-ресурсынан алуға болады.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 03 қараша жергілікті уақытпен 10 сағат 30 минут дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 03 қараша жергілікті уақытпен 12 сағат 00 минут Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59-үй, №411 кабинет мекенжайы бойынша ашылады.

Ықтимал өнім берушілер тендерлік өтінімдер бар конверттердің ашылуына қатыса алады.

Өкіл (ұйымдастырушы) Е.С. Бакиров - мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: www.depzdrav.gov.kz

Дата публикации
15 октября 2021