«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 D-О-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

 жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

 мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

  жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда             № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігі төрағасының 2020 жылғы                     12 маусымдағы № 94 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

     D-О-4              (А блогы)

195895

255514

 

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқарма» ММ 140000, Павлодар қ., Астана көш. 59, 411 кабинет анықтама үшін телефоны: 8(7182) 32-01-20 электрондық мекенжайы: kense.dz@pavlodar.gov.kz,  32-50-33  «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға  жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету және емдеу жұмысы бөлімінің бас маманы (2023 жылғы 4 қазанға дейін бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне), санаты «D-О-4», 1 бірлік (А блогы).

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау. Берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттерге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау. Өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдау. Заңнамамен белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтау және олардан, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат беруді талап етпеу. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы мемлекеттік орган басшылығының назарына дереу жеткізу. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Медициналық зертханалардың қызметін жетілдіру бойынша, нефрологиялық көмекті жетілдіру бойынша, аллергологиялық және иммунологиялық көмекті жетілдіру бойынша, анестезиология және реаниматология қызметін жетілдіру бойынша, ересектерге гематологиялық көмекті жетілдіру бойынша, паллиативтік көмекті жетілдіру бойынша, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды мониторингілеу бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау. Облыс әкімдігі жанындағы денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесін және денсаулық сақтау саласындағы пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңесті, облыс денсаулық сақтау басқармасының алқаларын өткізуді ұйымдастыру. Төмендету бойынша шаралар мен іс-шараларды  қабылдай отырып, әлеуметтік мәні бар аурулармен (қатерлі жаңа өспелер, қант диабеті, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің созылмалы созылмалы обструктивті ауруы) сырқаттанушылық пен өлім-жітімге талдау жүргізу. Облыстың медициналық ұйымдарында медициналық жабдықтарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды тиімді пайдалану процесін бақылау; ұйымдар арасында қайта бөлуді талап ететін жабдықтар туралы ақпаратты жинауды жүзеге асыру, қайта бөлуге құжаттарды дайындау, медициналық жабдыққа қажеттілік туралы ақпаратты жинау, өтінімді қалыптастыру, техникалық ерекшеліктерді дайындау. Науқастарды, ересек тұрғындарды жоғары мамандандырылған көмекке және трансплантологияға іріктеуді және жіберуді бақылау. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мониторингі. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкілеттігі шегінде шығарған шешімдері мен нұсқауларын орындау. Медициналық қызметкерлердің семинарларға, конференцияларға, шеберлік сыныптарына қатысуы бойынша бұйрықтарды ресімдеу. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен, Павлодар облысының әкімдігінен, облыс басқармаларынан келіп түсетін құжаттарды қарау және орындау. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Бөлімнің номенклатуралық папкаларын жүргізу. Денсаулық сақтау саласындағы өзге де ұйымдастыру жұмыстарын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе мемлекеттік және жергілік басқару); денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина) (мейіргер ісі және/немесе қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе фармация және/немесе медико-профилактикалық іс және/немесе жалпы медицина және/немесе менеджмент здравоохранения және/немесе емдеу ісі).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару, өзін-өзі дамыту, жеделдік;

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

 Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

  Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2)3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3)бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

Егер кандидат мемлекеттік қызметші болмаса персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналастыруға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттіктің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 79-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттікқызметшімен және Заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғамен келесі құжаттар ұсынылады:

  • өтініш
  • тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім,

құжаттарды ұсыну күніне дейін бір айдан артық емес.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 ЖҰМЫС КҮНІ, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы : (екінші бағдарлама) екінші бағдарлама B-5, B-6, C-4, C-5, С-О-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-О-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

      Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" (15 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (15 сұрақ), "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" (15 сұрақ), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (15 сұрақ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

      Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (130 сұрақ) кем дегенде 78 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

      Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 сентября 2021