Тендерді ұйымдастырушы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 59 мекенжайы бойынша орналасқан Павлодар облысы әкімдігінің "Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі медициналық қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сатып алынатын шығыс материалдарының толық тізбесі, сатып алынатын тауардың халықаралық патенттелмеген атауы, сатып алу көлемі, жеткізу орны, әрбір лот бойынша сатып алуға бөлінген сома тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Жеткізу мерзімі мен шарттары – тендерлік құжаттамаға №1 қосымшаға сәйкес.
Тендерлік құжаттама пакетін 2021 жылғы «3» қыркүйекте 10 сағат 00 минутқа дейінгі мерзімге қоса алғанда, Павлодар облысы мекенжайы бойынша алуға болады,
Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, каб. №401 немесе электрондық пошта арқылы depzdrav_pvl_gz@mail.ru немесе Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында depzdrav.gov.kz.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы «9» қыркүйекте жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутқа дейін.
Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы «9» қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 12.00-де Павлодар облысы мекенжайы бойынша ашылады.
Павлодар қаласы, Астана көшесі 59, каб. №401.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Өкіл (ұйымдастырушы) Искаков А.А. – Мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман, тел.: 8-7182-32-00-75; e-mail: www.depzdrav.gov.kz