Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
kense.dz@pavlodar.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Кучуков Ермек Ербатырұлы
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Общая информация, образование

Ермек Ербатырұлы Кучуков 1974 жылғы 31 желтоқсанда РФ-да дүниеге келген. 1998 жылы Семей мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы «Акушерлік-гинекология»  мамандығы бойынша клиникалық ординатураны аяқтаған. 2017 жылы ИнЕУ магистратурасын «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Оның кәсіби мамандылығы акушерлік-гинекологияны, соның ішінде балалар гинекологиясы, негізгі мамандығына сәйкес ультрадыбыстық диагностика және эндоскопияны қамтиды. Жоғары санатты дәрігер (7.4 (R) деңгейі).

Кәсіби шеберлікті тұрақты түрде жетілдіріп отырады. 2010 жылы гинекологиядағы эндоскопиялық хирургия бойынша (Қазан, РФ) білімін жетілдірген. 2013 жылы урогинекология мәселелерін диагностикалау және емдеу бойынша Мәскеу облыстық акушерлік-гинекологиялық ғылыми-зерттеу институтында (Мәскеу, РФ) оқыған, сондай-ақ Семей қаласындағы Павлодар филиалы ММУ-де медициналық қызмет сапасын сараптау бойынша дайындықтан өткен. 2022 жылы реконструктивтік урогинекология курсын (Санкт-Петербург) аяқтаған.

Карьера

2000 жылдан 2009 жылға дейін Ермек Ербатырұлы Кучуков Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде онколог-хирург дәрігер болып жұмыс істеді.

2009 жылдан 2015 жылға дейін ол «Медициналық көлік қызметі» АҚ Павлодар филиалы «Павлодар станциясының теміржол ауруханасы» гинекология бөлімшесінің меңгерушісі және дәрігер-cарапшысы қызметін атқарды.

2015 жылдан 2018 жылға дейін № 1 Павлодар қалалық ауруханасында емдеу-профилактикалық жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы қазаннан 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС басқарды.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарып келеді.

 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы