Хабарландыру
стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі талаптарына сәйкес «Павлодар облысы Павлодар қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау жүргізілуде.
Қарауға стратегиялық экологиялық бағалау материалдары (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылады:
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Колдау» ЖШС.
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Павлодар облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2044 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 30 мамырға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 30 мамыр).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz.
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған: