«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің 

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

талдамалық анықтама

  1. Нормативтік-құқықтық база

Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және т.б. басшылыққа алады.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық, жауаптылар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін басқарма басшысы Алимгазинов Бахытжан Темірбекұлы 2023 жылғы 24 сәуірде                     № 1-04/24 бұйрық шығарды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты болып анықталғандар:

 

А.Ж. Мәтенов

-

мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің басшысы;

 

Д.Т. Монтаев

-

мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы;

 

М.Г. Жакенова

-

мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы;

 

С.Г. Галиякбар

-

«Байжан» фирмасы ЖШС директоры, Құрметті сәулетші

 

  1. Есепті кезең

Алдыңғы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылдың мамыр айында жүргізілді.

Ағымдағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2022 жылғы мамыр-2023 жылғы мамыр кезеңі ішінде өткізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында келесі міндеттер бойынша талдау жүргізілді:

(Easy Project жүйесі бойынша үлгілерге сәйкес):            

  • қолданыстағы құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • ішкі құжаттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • бақылау функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • жасырын қызметтерді анықтау;
  • жеке және заңды тұлғалармен Шарт жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1: қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

(2022 жылғы мамырдан бастап - 2023 жылғы мамырға дейін) есепті кезең үшін мемлекеттік орган (cаны) 1  нормативтік-құқықтық актіні дайындады      (2022 жылы Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы  «Павлодар облысының жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы, Павлодар облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары туралы» № 220/21 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихаты шешімінің жобасы. Құжат 2022 жылы M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-не құқықтық сараптамаға жіберілді.  

2023 жылы Павлодар облыстық мәслихатының Павлодар облысы Екібастұз қаласының бас жоспарының жобасын мақұлдау туралы шешімінің жобасы).

2022 жылы нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің (саны) 3-еуі анықталды, 3 ұсыныс берілді. Оның ішінде 3-еуі назарға алынды.

2: Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау Басқарманың ішкі құжаттарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Есепті кезеңде 3 құжат қаралды.

Басқарма өз қызметін ҚР Конституциясына және заңдарына,                               ҚР Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі                                 № 115/1 қаулысымен бекітілген «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Талдау барысында Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін ереже мен ішкі нормативтік құжаттар зерделенді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен ережелерді талдау нәтижелері бойынша, анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Ссыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.

3: Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың штат саны 2022 жылы (саны) 11 бірлікті құрады.

2023 жылғы мамырдағы жағдай бойынша (өз кезеңіңізді көрсетіңіз) штат саны – 11 адам, нақты саны – 10 бірлік, бос жұмыс орны – 1 бірлік (аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімінің бас маманы).

2 бөлімнің басқару құрылымы бойынша:

1) Аумақтағы құрылыс және жоспарлау бөлімі;

2) Мемлекеттік қала құрылысы кадастры бөлімі

Конкурстық рәсімдер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі жоғары учаскелердің бірі тұлғаларды бос лауазымдарға конкурстық іріктеу рәсімі болып қала береді.

2021 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметке қабылдау/жұмыстан шығару, тәртіптік жаза қолдану және алып тастау және т.б. барлық конкурстық рәсімдерді облыс әкімі аппараты жанындағы персоналды басқарудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес, талданатын кезеңде Басқарманың конкурстық комиссиясы 4 конкурстық рәсім өткізді, оның ішінде: 2022 жылы – 1, 2023 жылдың басынан бастап – 3.

Оның ішінде: ішкі конкурстар-2, жалпы конкурстар-2.

Конкурстарды өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесулер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті байқаушыларының қатысуымен өткізілді.

Мемлекеттік қызметке конкурстық рәсімдердің нәтижелері бойынша-4 адам қабылданды (оның ішінде 2022 жылы-1 адам, 2023 жылы - 3 адам).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (протекционизм, отбасылық артықшылықтар) беру фактілері анықталған жоқ.

Теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен босату фактілері және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылғандар жоқ.

2022 жылдың мамыр айының басынан 2023 жылдың мамырына дейін мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолданылмады.

4: Мүдделер қақтығысымен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының жұмыс тобы мүдделер қақтығысының болуына, қызметкерлердің басқарма басшыларымен жұмысқа қабылданған үлестестігіне, кадрлардың ауысу себептеріне, қызметкерлерді жұмыстан шығаруға (лауазымын төмендетуге), жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен жұмысына, қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды талдау нәтижелері бойынша, анықталған жоқ.

5: Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Бұдан бұрын Басқарма көрсеткен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру», «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап «Павлодар облысының дін істері басқармасы» ММ Басқармамен келісім бойынша көрсетеді.

Есепті кезеңде 5 құжат келісілді. Құжаттар:

1) Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Новочерноярка ауылы мекенжайында орналасқан жер учаскесінде, Памятная және Мира көшелерінің қиылысында ғибадат ғимараты – мешітті салу (2022 жылғы 11 тамыз);

2) Павлодар қаласы, Теміржолшылар кенті, Центральная көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесінде ғибадат ғимараты – мешітті салу (2022 жылғы 25 тамыз);

3) Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Чигириновка ауылы, Целинная көшесі, 34 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінде ғибадат ғимараты – мешітті салу (2022 жылғы 26 желтоқсан);

4) Павлодар облысы, Железин ауданы, Алакөл ауылы, Гагарин көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесінде ғибадат ғимараты – мешітті салу (2023 жылғы 23 ақпан);

5)Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Ефремовка ауылы, Абай көшесі мекенжайында орналасқан жер учаскесінде ғибадат ғимараты – мешітті салу; (2023 жылғы 29 наурыз).

Сондай-ақ, Басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ.

Ұсынымдар: Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы               31 наурыздағы № 97 бұйрығымен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бекітілді;

- «Ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлері (құрылыстары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» (бұдан әрі – Ереже).

Қазіргі уақытта, Қағидаларға сәйкес Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) ұсынылған құжаттарды қарайды, Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайда және негіздер бойынша келісуді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.

Айта кету керек, Басқарма «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңды, сондай-ақ сәулет және қала құрылысы саласына кіретін ҚР ЕЖ-ның басқа да ережелерін басшылыққа алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде осы қызметтердің елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларынан және (немесе) құрылыс салу жобаларынан көшірмелер, сондай-ақ әзірленіп жатқан объект туралы, оның жер учаскесінде орналасуы туралы деректерді, негізгі техникалық, сәулеттік және құрылымдық параметрлерді қамтитын экскиз (эскиздік жоба) жоқ екені анықталды, бұл құрылыс, дизайн қателіктерін болдырмайды, объектіні бағалауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көшірменің болмауы жоғарыда көрсетілген құжатсыз неғұрлым дәл негізгі техникалық, сәулеттік және конструктивтік параметрлерді белгілеу қиынға соғатындығына байланысты мемлекеттік қызметті келісу не көрсетуден бас тарту туралы жауапты уақтылы ұсынбау қаупін енгізеді.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша Басқарма бұған дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетіне 2017 жылғы 19 қыркүйектегі шығ.№ 2/3-05/648-хатпен «Эскиз (эскиздік жоба)» тармағын қажетті құжаттар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар жолдаған болатын.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты, Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы қажетті құжаттар тізбесіне елді мекеннің бас жоспарлары негізінде орындалған егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларынан және (немесе) құрылыс жобаларынан көшірмелерді енгізу, сондай-ақ эскиз (эскиздік жоба) ұсыну туралы қосымша ұсыныстар жолдайтын болады, осылайша Құрылыс және конструктивтік қателіктерді болдырмауға, объектіні бағалауға, оны жер учаскесіне орналастыруға мүмкіндік береді.

6: Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқармада рұқсат беру функциялары жоқ.

7: Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына бақылау және қадағалау функциялары берілмеген.

8: Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарма басшысы Б.Т. Алимгазинов облыс әкімінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 55-ө өкімімен тағайындалды. Бұған дейін «Engineering center LTD» ЖШС жобаларға бастамашылық ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Зерттелетін кезеңде прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

Басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алуға, сондай-ақ Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ұсынылады:

1) мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылдау;

2) қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, тағылымдамадан өтуді тұрақты негізде ұйымдастыру;

3) енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасын тұрақты негізде дербес зерделеу;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасын насихаттау жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізу;

5) Басқарманың қызметкерлері арасында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану тәртібін мүлтіксіз сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу.

9: Қаржы-шаруашылық қызметпен және бюджет қаражатын бөлумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметі Басқарманың өз қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, өзге шығыстар көзделмеген.

2021 жылы қылмыстық іс материалдарына сәйкес Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқыруды жүзеге асырды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және жалған іссапарлар бойынша іссапар шығыстарын есептеу кезінде заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Қазіргі уақытта барлық ұсыныстар орындалды, құқық бұзушылықтар жойылды.

Басқарманың 2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары 18,3 млн.теңгені құрайды. Сатып алу тек электрондық форматта жүзеге асырылады.

Ұсынылды:

1.мемлекеттік органның әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілерін оның құрамына енгізе отырып, түгендеу комиссияларын құру жолымен түгендеу жүргізу, бұл ретте мемлекеттік сатып алуға жауапты бөлімшелердің не қызметшілердің қатысуын болғызбау;

2.қызметшілер өз ЭЦҚ-сын тұрақты не уақытша негізде өзге тұлғаларға бермей өз бетінше пайдалана алады.

3.қызметшілер республикалық, облысаралық, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу үшін іссапарға шыққан жағдайда іссапардың қорытындылары бойынша қаралған мәселелер, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы, сондай-ақ алған білімдерін жұмыста пайдалану мүмкіндігі туралы жазбаша есеп қалыптастыру.

10: Жасырын мемлекеттік қызметтерді анықтау

Жасырын мемлекеттік қызметтердің белгілері бар функциялар жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де шарттар жасау Басқарманың қызметін қамтамасыз ету шеңберінде ғана жүргізіледі. 2023 жылғы 6 ақпандағы шарт «Зебра Телеком» ЖШС-мен интернетке қол жеткізу қызметі бойынша жасалды, 2023 жылғы 9 наурыздағы шарт «Қазақтелеком» ЖШС-мен телефон байланысы қызметтері туралы жасалды. Басқарма функционалдық міндеттерін орындау шеңберінде жеке және заңды тұлғалармен қосымша шарттар жасаспайды.

12.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ қызметтік пайдалану мақсатында мынадай ақпараттық жүйелерді пайдаланады: Е-өтініш, ОДО, Е-лицензиялау, «Е-kyzmet» ИАЖ, ИПГО, Хаттамалар базасы, «Қазынашылық клиент» АЖ, Парус-Қаз Бюджет, IC Бухгалтерия, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі. Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында басқарма қызметкерлері ақпараттық жүйелерге жеке логиндер мен парольдермен кіреді. Барлық компьютерлерде сыртқы USB тасымалдағыштарына қорғаныс орнатылған, әр қызметкер жеке компьютерге кіру үшін пайдаланушының жеке логині мен паролін пайдаланады, бұл қызметтік ақпаратқа рұқсатсыз кіруді, пайдалануды, жүктеуді, жоюды болдырмайды. Басқарма қызметкерлері үшін ақпараттық қауіпсіздік негіздері және оларды сақтау шаралары бойынша курстар мен дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ақпараттық қауіпсіздік негіздері және оларды сақтау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын, оқытуды, курстар мен дәрістерді тұрақты негізде жүргізу ұсынылады.

 

Мемлекеттік қала құрылысы

кадастры бөлімінің басшысы                                         А. Мәтенов

 

Мемлекеттік

қала құрылысы кадастры бөлімнің

бас маманы                                                                       Д. Монтаев

 

Мемлекеттік

қала құрылысы кадастры бөлімнің

бас маманы                                                                       М. Жакенова

 

«Байжан» фирмасы ЖШС директоры,

Құрметті сәулетші                                                          С. Галиякбар

«Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
19 июля 2023