Хабарландыру
Әсер ету скринингін қарау туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 55-бабының 6-тармағына сәйкес құжаттың әсер ету скринингіне бастамашылық жасау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мынадай құжаттар (бұдан әрі — СЭБ материалдары)жіберілді:
1) Құжаттың негізгі бағыттары мен оны іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын жобасы – «Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылының даму және құрылыс схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы). Түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба.;
2) құжатты іске асыру жоспарланған аумақтың сипаттамасы;
3) Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылының «шағын елді мекенді дамыту және салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына әлеуетті әсердің жалпы сипаттамасы. Түзету».
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Колдау» ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.
СЭБ әзірлеуге жауапты: Павлодар облысының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар бергені үшін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімді өткізу мерзімі: 2026 жылғы 28 қыркүйектен 9 қазан аралығында (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні - 2026 жылғы 9 қазан).
Жұртшылықты шақырамыз (барлық азаматтар мен заңды тұлғалар) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіру:
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2045 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел. 8 (7172) 74-02-83, 74-13-83.
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz .
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ге жіберуге болады.Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі кеңсесінің мекенжайы: k.kense@ecogeo.gov.kz
Сіздің құжаттарыңыз кеңседе телефон арқылы алынғанын міндетті түрде нақтылау қажет: +7 7172 74-08-44
СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Павлодар облысы әкімдігінің сайтында.