
Бүгін Павлодарда сағат 8.00-ден бастап Естай көшесінің бойында («Квазар» нарығына қарама-қарсы) дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде.
Бүгін Аққулы, Тереңкөл, Успен, Ақтоғай аудандарының, Павлодар және Ақсу қалаларының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынуда.
Әлеуметтік саудада қала тұрғындары ет, сүт өнімдерін, көкөністерді, жұмыртқа, күнбағыс майын, шұжық өнімдерін, бал және т.б. нарықтық бағадан 15-20%-ға арзан бағамен сатып ала алады.
Баршаңызды ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз!