Мал шаруашылығын толыққанды азықпен қамтамасыз ету және мал қыстауын сәтті өткізу үшін ірі азықтың бір жарым жылдық қоры – 1 486,6 мың тонна дайындалды (2020 ж – 1 043 мың тонна);
– сабан – 180,8 мың тонна (2020 ж – 175,2 мың тонна);
- сүрлем – 203,5 мың тонна (2020 ж-163 мың тонна);
- пішендеме – 58 мың тонна (2020 ж – 54 мың тонна).
Ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы 26 млрд.теңгеге 972 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде оң өсім байқалады. 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тірі салмақта ет өндіру 4,5%-ға, сүт 3,5%-ға және жұмыртқа 2%-ға ұлғайды.
2021 жылдың 10 айында 370,3 мың тонна сүт (103,5%), тірі салмақта 78,5 мың тонна ет (104,5%) және 217,9 млн.дана жұмыртқа (102%) өндірілді.
Анықтама: 2021 жылға 1 қарашаға ІҚМ – 490,6 мың бас (104,7%, 2020 жылдың осы кезеңіне), қой – 534,9 мың бас (101,5%), ешкі – 75,7 мың бас (100,3%), шошқа – 77,2 мың бас (98,7 %), жылқы – 207,7 мың бас (109,5%) және құс – 1 738,0 мың бас (91,8%).
Ағымдағы жылдың басынан бері ет және ет өнімдерінің экспорты 1,4 мың тоннаны немесе өткен жылдың деңгейіне 143% – ды құрады.
Ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша етті бағыттағы импорттық 1 992 ірі қара мал басы әкелінді (Ақсу қ., Нұрғазин ЖК – 650 бас, Сабырхан ШҚ -250 бас, Аққулы ауданының «Organic foot» ШҚ - 94 бас, «Агро Экспорт Павлодар» ЖШС – 680 бас, Май ауданы «NurJailay» ШҚ-278 бас, және Ертіс ауданының А. К. Қажатов ЖК - 40 бас).