2021 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттерден 29,8 млрд.теңге бөлінді (РБ – 17,6 млрд. теңге, ЖБ – 12,2 млрд. теңге), ағымдағы күнге 24,3 млрд. теңге немесе 82% игерілді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылы келесі бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді:
- инвестициялық салымдарға – жоспар 9,8 млрд. теңге болғанда, игерілгені - 7,5 млрд. теңге немесе 77%;
– мал шаруашылығын дамытуға – жоспар 7,7 млрд. теңге болғанда, игерілгені - 5,5 млрд. теңге немесе 71%;
- өсімдік шаруашылығына – жоспар 4,4 млрд. теңге болғанда, игерілгені – 4,4 млрд. теңге немесе 100%;
- сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – жоспар 4,4 млрд. теңге болғанда, игерілгені – 4,3 млрд. теңге немесе 98%;
- қайта өңдеу кәсіпорындарының шығындарына – жоспар 759 млн. теңге болғанда, игерілгені - 756 млн.теңге немесе 99%.
«Бәйтерек» Акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшелерімен жалпы сомасы 21 млрд. теңгеге 1 364 кредит берілді немесе өткен жылдың деңгейіне 124%-ды құрады, оның ішінде:
- «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен 12,6 млрд. теңгеге 521 кредит берілді;
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен 6,1 млрд. теңгеге 371 кредит берілді;
- «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау фонды» АҚ-мен 2,3 млрд.теңгеге 472 кредит берілді.