Егіс алқаптарының құрылымы.
2021 жылы болжанып отырған егіс алаңы 1 млн. 490 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 59 мың гектарға артық
(2020 жылы – 1 431,5 мың га), оның ішінде:
– дәнді дақылдар - 911 мың га (2020 жылы – 900,4 мың га);
– майлы дақылдар -189 мың га (179,5 мың га);
- мал азығы - 361 мың га (322,9 мың га);
- картоп -19 мың га (18,8 мың га);
- көкөністер -7 мың га (7,0 мың га);
- бақша дақылдары - 3 мың га (2,6 мың га).
Барлық аудандарда ұлғаю болжануда, келесі аудандарда егіс алқаптарының неғұрлым көбірек ұлғаюы: Май (17,6 мың га) және Успен (11,0 мың га).
Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаздық егістігі 1 228,5 мың га құрайды (2020 жылы – 1 169,7 мың га).
Егіс алқаптарының негізгі ұлғаюы мынадай дақылдар есебінен болады:
- 11,2 мың га дәнді дақылдар (бидай – 5,0 мың га, қарақұмық-4,7 мың га);
- майлы дақылдар 9,9 мың га (күнбағыс – 7,1 мың га, зығыр – 1,8 мың га, рапс-1,2 мың га);
- жем-шөп дақылдары 38,2 мың га.
Қаржыландыру
Өсімдік шаруашылығын қолдауға жалпы сомасы 3,5 млрд. теңге субсидия бөлінді (Қосымша қажеттілік 1,8 млрд. теңге (2020 жылы 5,2 млн. теңге):
1) Минералды тыңайтқыштар құнын субсидиялауға
867,0 млн. теңге. (Қосымша қажеттілік 650,0 млн. теңге (2020 жылы-1 166,0 млн. теңге);
- Тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құнының 50%-тиісті жылға арналған тыңайтқыштардың тиісті түрлері бойынша қалыптасқан, облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тыңайтқыштардың ең төменгі нарықтық құны.
2) Аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің құнын субсидиялауға 1,5 млрд. теңге. (Қосымша қажеттілік 700,0 млн. теңге (2020 жылы – 2,7 млрд. теңге);
Гербицидтер үшін 1 литрге (килограмға) арналған субсидиялар нормасы гербицидтің немесе соған ұқсас гербицидтің ең төмен құнының (баға ұсынысының) жартысынан аспайды.
Пестицидтер бойынша субсидиялар төленеді:
- Ауыл шаруашылығы кооперативтерін қоса алғанда АШТӨ (50%);
-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша (50%) өткізу шартымен ӨҚҚ өндірушілеріне (отандық зауыттар).
3) Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу қызметтерінің құнын субсидиялауға 286 млн. теңге (2020 жылы-132,0 млн. теңге);
- субсидия алушылар су берушіден суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алған және оларды төлеу бойынша шығындар шеккен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер болып табылады, негізгі шарт су беруші алдында берешектің болмауы болып табылады.
4) Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау үшін 836 млн. теңге (қосымша қажеттілік 500,0 млн. теңге) (2020 жылы – 1 178 млн. теңге);
– Бірегей, элиталық 70% және бірінші репродукция тұқымдары-50% субсидияланады, бірақ бекітілген нормативтен аспайды.
Несиелеу.
Аграрлық несие корпорациясы арқылы "Агро-бизнес" және "Кең-дала" бағдарламалары бойынша 3,4 млрд. теңге сомасына 100-ден астам жеңілдетілген несиелер беру жоспарланған. Бүгінгі күні
81 өтініш берушіге 1,4 млрд. теңгеге несиелер берілді (41).
оның ішінде:
- "Агро бизнес" - 576,0 млн. теңге сомасына 30 өтінім;
- "Кең-дала" - 846,0 млн. теңге сомасына 51 өтінім.
Қарапайым заттар экономикасы (ҚЗЭ) бағдарламасы бойынша 124,0 млн.теңге сомасына 9 өтінім мақұлданды.
Азық-түлік келісім шарт корпорациясына жалпы сомасы
470,0 млн. теңге сомасына 8 өтінім берілді, Облыстың корпоративтік Кеңесі 280,0 млн. теңге сомасына 4 өтінімді мақұлдады, бидайдың жалпы көлемі 5600 тонна, Үйлестіру кеңесінің қарауына 300 млн. теңге сомасына 4 өтінім, 1500 тонна бидайға және 2281 тонна күнбағысқа енгізілді.
Анықтама: негізгі егіс алаңдары 5 астық егетін ауданда орналасқан:
– Ертіс – 282 мың га-19%;
- Тереңкөл – 274 мың га-18%;
- Успен – 242 мың га-16%;
- Шарбақты - 200 мың га-13%;
- Железин – 179 мың га-12%.
Егіс жұмыстарын жүргізуге дайындықты бақылауда ұстау қажет.
Суару.
Суармалы жерлердің алқабы бүгінгі күні – 126,7 мың га (оның ішінде АШТӨ – ге 101,1 мың га бекітілген, қордағы жерлер 17,5 мың га, басқа санаттарда 8,1 мың га) оның ішінде іс жүзінде 56,0 мың га суарылады, суармалы жерлердің ең ірі алқаптары Павлодар ауданында – 19%, Ақсу қ.а.а.– 16%, Екібастұз қ.а.а.-11%, Железин ауданында-10% орналасқан.
Суармалы жерлердегі егіс алқаптарының құрылымы, барлығы 56,0 мың га, оның ішінде:
- картоп және көкөніс - 22,0 мың га (Павлодар, Ақсу қ., Ақтоғай));
- жем-шөп дақылдары-20,0 мың га (Ақсу, Железин, Тереңкөл);
- дәнді дақылдар-11,0 мың га (Железин, Тереңкөл, Павлодар);
- майлы дақылдар-3,0 мың га (Тереңкөл, Железин, Ертіс).
Тұқымдар.
2021 жылдың өніміне шаруашылық жүргізуші субъектілері: 145,4 мың тонна жаздық егіс ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын немесе жоспарлы қажеттіліктің 103% дайындады, оның ішінде:
- дәнді дақылдар-94,8 мың тонна немесе 101%;
- майлы дақылдар-2,4 мың тонна немесе 100%;
- жем-шөп дақылдары -1,6 мың тонна немесе 100%;
- картоп-46,6 мың тонна немесе 105%.
Салынған тұқымның репродукциялық құрамы:
– бірегей-3,6 мың тонна;
- элиталар-15,8 мың тонна;
- 1-реп. – 51,9 мың тонна;
- 2 рет. – 47,3 мың тонна;
- 3 рет. – 26,8 мың тонна.
Облыс шаруашылықтары 46,5 мың тонна тұқымдық және отырғызылатын материал немесе 2021 жылдың өніміне тұқым себудің 32% көлемінде тұқымның егістік сапасын анықтау үшін толық талдауға тапсырды.
Бидай, арпа, сұлы, қара бидай-60 тоннаға дейін бір үлгі, әрбір 60 тоннадан астам үшін тағы бір үлгі қосылады.
Тары, қарақұмық – 20 тоннаға дейін бір үлгі, әрбір 20 тоннаға артық тағы бір үлгі қосылады. Көп жылдық шөптер-10 тоннаға дейін бір үлгі (әр сорттан, репродукциядан), әрбір 10 тоннаға артық тағы бір үлгі қосылады.
Картопты іріктеу 10 тоннаға дейін 250 түйнек, 10-нан 30 тоннаға дейін 375 түйнек, 30 тоннадан астам 375 түйнек + 50 түйнек әр 10 тонна үшін.
Сынамаларды іріктеуді мемлекеттік тұқым инспекциясында нұсқамадан өткен және сынамаларды іріктеу құқығына куәлігі бар шаруашылықтардың, тәжірибелі мекемелердің, дайындаушы ұйымдардың агрономдары немесе басқа да мамандары жүргізеді. (агроном, апробатор, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші).
Техника.
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін техниканың дайындығы-94%.
Жұмыс жоспарына сәйкес, егіс науқанына әртүрлі модификациядағы 5800 трактор, 6489 тырма, 1763 соқа, 1006 культиватор, 4030 сепкіш және 207 егіс кешені тартылатын болады.
2021 жылдың басынан 1 638,0 млн.теңге сомасына 133 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде лизингтік компаниялар арқылы 490,0 млн. теңге сомасына 41 бірлік, өз қаражаты есебінен 1148,0 млн. теңге сомасына 92 бірлік сатып алынды. (618,0 млн.теңге сомасына 52 трактор және 54,2 млн. теңге сомасына 22 бірлік топырақ өңдейтін ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды).
ЖЖМ қамтамасыз ету
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге - 21,0 мың тонна (2020 жылы – 19,5 мың тонна) бөлінді. Бағасы 174 000 теңге / тонна. Қазіргі уақытта арзандатылған дизель отынын жіберу бойынша 3 оператор анықталды.
Операторлық қызметтерді есепке алғанда (5000, 5300, 6000 теңге/тонна), 1 тонна құны 179000-нан 180000 теңгеге дейін немесе 150-151 теңге/литрді құрайды (2020 жылы 180000 теңге немесе 151 теңге/литр).
Ағымдағы күнге наурыз айына бөлінген 3000 тонна көлемге 3000 тонна (100%) өтінім берілді, 2078 тонна (70%) төленді, 451 тонна (15%) жеткізілді.
Минералды тыңайтқыштар.
Ағымдағы күнге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 10,8 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алды (2020 жылы 7,8 мың тонна). Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Агротехникалық шаралар.
Ауаның бір айдағы орташа температурасы +4+7 с күтіледі, бұл облыстың басым бөлігінде нормаға жуық, облыстың солтүстік-батысында нормадан 1 С жоғары (норма: +4+6 С).
Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде-3-8°С, облыстың оңтүстігінде 0°С -3+2°С, күндіз 0,+5°С-тан +5+10°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Содан кейін ауа температурасы түнде-8-13°С, күндіз 0 -5°С,кей жерлерде +5°С дейін төмендейді. Онкүндік соңында ауа температурасының түнде 0,-5°С, облыстың солтүстігінде -8°С, күндіз +13+18°С, солтүстікте +10°С дейін жоғарылауы байқалады.
Екінші онкүндікте ауа температурасының түнде 0 -5°С-тан,облыстың солтүстігінде -8°С-тан +3+8°С-қа дейін, кей жерлерде +11°С, күндіз +13+18°С-тан, солтүстікте +10°С-тан +21+26°С-қа дейін одан әрі көтерілуі болжануда. Содан кейін-ауа температурасының түнде-1 – 6°С дейін, күндіз +5+10°С дейін, кей жерлерде +15°С төмендеуі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде +2+7°С, облыстың солтүстігінде -1°С, күндіз +18+23°С дейін одан әрі жоғарылауы болжанады Содан кейін-ауа температурасының түнде 0,-5°С-тан 0,+5°С-қа дейін, оңтүстікте +3°С-тан +10°С-қа дейін, күндіз +7+12°С-тан +12+17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста +4°С-тан +7°С-қа дейін ауытқуы байқалады.
Бір ай ішінде жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан артық, облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде нормаға жуық (норма: 15-23 мм) күтіледі.
Бірінші онкүндіктің ортасында, екінші және үшінші онкүндіктің екінші жартысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), 15-20 м/с жел күтіледі. Бұл оңтайлы мерзімде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қолайлы жағдай жасайды.
"Павлодар тәжірибелі ауыл шаруашылығы станциясы" ЖШС (ПАШТС): Топырақтың негізгі топтарының типіне байланысты 2021 жылы облыс аудандары бөлінісінде ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдерін әзірледі, оларға сәйкес 5 мамыр мен 3 маусым аралығында майлы және дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімдері.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын себудің оңтайлы мерзімдері:
- 5 мамырдан 20 мамырға дейін күнбағыс, рапс, зығыр-10-20 мамыр;
- мақсары 5-15 мамыр;
- бұршақ, -10-15 мамыр;
- картоп отырғызу-3-17 мамыр;
- бидай, арпа-15-30 мамыр, сұлы - 20-30 мамыр;
- тары-22-30 мамыр, қарақұмық-25 мамыр-3 маусым;
- судан шөбі-20-31 мамыр.
Жалпы, егіс жұмыстарын 3 маусымда аяқтау қажет, бұл соңғы мерзім. Бұл деректер бағдарлы болып табылады, қалыптасқан жағдай бойынша жергілікті жерлерде түзетулер енгізу қажет.