ПРЕСС-РЕЛИЗ

Биылғы жылдың қыркүйек айында Павлодар облысының аумағында Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс және Тереңкөл аудандарында (Ақтоғай ауданының Ақтоғай ауылы, Баянауыл ауданының Баянауыл ауылы,  Железин ауданының Жаңа Жұлдыз, Ақтау, Озерное ауылдары, Ертіс ауданының Ағашорын ауылы, Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылы) 3 163 бас үй құстарының (қаз, тауық, үйрек, күркетауық) өлімі тіркелді.

Осы елді мекендерден алынған патологиялық материалдарды (құстардың мәйіттерін) зерттеу нәтижелері бойынша Нұр-Сұлтан қ. ҚР АШМ ВБЖҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-де (бұдан әрі – ВҰРО) жоғары патогенді құс тұмауы ауруы бойынша оң нәтиже алынды.

Құс тұмауы (лат. Grippus avium), құстардың классикалық обасы-ас қорыту, тыныс алу органдарының зақымдануымен, 56% - ға жуық өліммен сипатталатын құстардың өткір жұқпалы вирустық ауруы. Алғаш рет құс тұмауы Италияда жүз жыл бұрын анықталған.

Аудандардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық дәрігерлерінің ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік бірліктердің ауылдық округтерінің әкімдері елді мекендерде карантин енгізді, онда құстардың жоғары патогенді тұмауы диагнозы расталды. Құстардың барлық өлекселері өлексені жағу пешінде (инсениратор) жағу әдісімен жойылған.

ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ Павлодар филиалының күшімен індет ошағын оқшаулау үшін облыстың ветеринариялық қызметтерімен бірлесіп қолайсыз ошақтарда әр түрлі құстардың 28 118 басы жойылды.

Облыста эпизоотиялық саулықты сақтау үшін жеке үй шаруашылықтарында құстар егілді.

Барлығы 412,9 мың құс басы немесе вакцинациялауға жататын құс басының 100% егілді.

2020 жылғы 16 қарашада арнайы комиссия Павлодар облысының аумағында орналасқан екі және одан да көп аудандарда жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болу жағдайларына қазан айында алынған құстың бір басына баға белгіледі, ол: ата – аналық табынның жұмыртқа тұқымдарының тауықтары – 1 212 ,5 теңгені; ет және ет-жұмыртқа тұқымдарының тауықтары – 2 029,0 теңгені; қаздар – 6 600 теңгені; күркетауықтар – 5 000 теңгені; үйректер, мысыр тауықтары – 3 618 теңгені құрайды.

Алып қойылған және жойылған құстардың құнын өтеуді Республикалық эпизоотияға қарсы отряд жүргізеді.

Бүгінгі таңда 35 163,7 мың теңге немесе 11 729 бас құс өтелді.

Алып қойылған құстың иелері алып қойылған құстың құнын төлемеген (өтемеген) кезде жергілікті атқарушы органдарды (әкімдікті) хабардар етуі қажет.

Облыс бойынша эпизоотиялық жағдай бір қалыпты, тұрақты бақылауда.

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Дата публикации
18 ноября 2020