2025 жылға арналған "асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау" бюджеттік бағдарламасының бағыттары бойынша субсидиялар көлемі.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес субсидиялар көлемін қалыптастыруды және бөлуді аудандардың/қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ағымдағы жылға арналған субсидиялар көлемдерінің қажеттілігі туралы ақпараттың негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген субсидиялардың түрлері мен нормативтеріне сәйкес ЖАО (көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады, өткен жылғы субсидиялардың жиынтық көлемін және бюджет қаражатының болуын ескере отырып.
Субсидиялаудың осы көлемі мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілді.