Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2020 жылға арналған субсидияланатын пестицидтердің бекітілген тізбесіне және субсидиялардың нормаларына өзгеріс енгізу болып табылады.
Қаулы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 9-бабы 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау Қағидасының 78-тармағына сәйкес сәйкес әзірленген.
Жоба 2020 жылғы 8 қыркүйекте ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2020 жылғы 22 қыркүйекке дейін өзекті. https://legalacts.egov.kz/arm/application/downloadnpa?id=4818036
Аталған қаулыны іске асыру үшін әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» 008 бағдарламасы бойынша 2 688 897,0 мың теңге сомасында қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 264 063,0 мың теңге, облыстық бюджеттен – 1 424 834,0 мың теңге.