«Павлодар облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешім жобасына пресс-релиз
Аталған шешімді қабылдау мақсаты Заңға тәуелді актілерді Қазақстан Республикасының ветеринария салысындағы Заңнамаларына сәйкес келтіру болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен, «Павлодар облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» Павлодар облыстық мәслихатының шешім жобасын әзірледі.
Жоба 2020 жылғы 10 тамызда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2020 жылғы тамызға дейін өзекті https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4573730
Аталған шешімді іске асыру қаржылық қамтамасыз етуді талап етпейді.