Аталған қаулыны қабылдау мақсаты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арамшөптерге, зиянкестерге және ауруларға қарсы өңдеу жүргізуге арналған сатып алынған пестицидтердің шығындарын өтеу үшін субсидия төлеуді көздейді.
Қаулы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 78-тармағына сәйкес, және де «Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 қарашадағы № 965 қаулысына сәйкес әзірленген.
Жоба 2023 жылғы 30 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, 2023 жылғы 13 қарашаға дейін өзекті https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14768887
Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы сома 2 669 102 мың. теңге құрайды.