Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» № 83/2 қаулысына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 179507 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған 2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнің тізбесі және тынайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) субсидиялар нормалары, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға 2 314 714 000 (екі миллиард үш жүз он төрт миллион жеті жүз өн төрт мың) теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін.».
- «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары С. Б. Батырғожиновқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Байханов