Аталған қаулыны қабылдау мақсаты 2023 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту болып табылады.
Қаулы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Жоба 2023 жылғы 3 қарашада ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14779931), 2023 жылғы 17 қарашада дейін өзекті.
Осы қаулыны іске асыру үшін 2 314 714 000 (екі миллиард үш жүз он төрт миллион жеті жүз өн төрт мың) теңге көзделген, оның ішінде жергілікті бюджеттен 914 414 000 (тоғыз жүз он төрт миллион төрт жүз он төрт мың) теңге, республикалық бюджеттен 1 400 300 000 (бір миллиард төрт жүз миллион үш жүз мың) теңге.