«Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» № 83/2 қаулысына өзгеріспен толықтырулар енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз

Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» № 83/2 қаулысына өзгеріспен толықтырулар енгізу туралы»  қаулысының жобасын дайындады.

Жоба Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 Наурызда № 20209 болып тіркелген) Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 63, 64-тармақтарына сәйкес әзірленді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Жоба 2023 жылғы 15 тамызда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды және бұдан басқа, облыстың қоғамдық кеңесі мен сараптамалық кеңесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ұсынымдар алу үшін жіберілді: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14669460 

 

«Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 сәуірдегі «2023 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тынайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» № 83/2 қаулысына өзгеріспен толықтырулар енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігі қаулысының жобасына пресс-релиз
Дата публикации
15 августа 2023