Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» № 46/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы
«Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен
саласындағы кейбір мәселелері туралы»
№ 46/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы «Павлодар облысы бойынша 2022 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» № 46/2 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулыны әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар облысы әкімінің орынбасары С.Б. Батырғұжиновке жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                                                                                        А. Байханов

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 ақпандағы «Павлодар облысы бойынша 2023 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кейбір мәселелері туралы» № 46/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
27 июля 2023